44 Тақырыбы: Ағаларымыз сияқты күшті болайық
|
Мақсаты: доппен жаттығу жасау және еңбектеу арқылы салауатты өмір салтына машықтарын қалыптастыру. Міндеттері: гимнастикалық орындық бойымен етпетінен өрмелеуге үйрету. Орындықтың екі шетінен ұстап, қолдарымызбен көмектесіп өрмелейміз. Допты бір-біріне лақтырып, қолдың басын еркін қимылдатып, бір мезгілде қос қолдап қағып алу қабілетін жетілдіру. Қолды иыққа қойып, аяқтың ұшымен жүруге, тепе-теңдікті сақтауға, сызықтан шығып кетпеуге жаттықтыру. Балалардың бойында салауатты өмір сүру дағдысының қалыптасуына ықпал ету, отбасына және жақындарына құрметпен қарауға үйрету.
|