Мақсаты: қимылды ойындар арқылы қозғалыс әлеуеттерін дамыту.
Міндеттері:бір аяқты алға қарай созып, оның қасына екінші аяқты қою; екінші аяқтың ұшын ішке қарай бұрмау, адым басқанды аяқты бірқалыпты қимылдату қабілеттерін дамыту. Биікке көтерілген баспалдақ таяқшалары арқылы тізені жоғары көтеріп аттап өтуге, денені тік ұстауға жаттықтыру. Қимыл-қозғалыс жаттығуларының көмегімен қозғалу мүмкіндігін арттыру. Балаларды бір-біріне қайырымды болуға үйрету.
Мақсаты: денешынықтыру сабақтарының спортпен байланысы туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері: допты қақпаға домалатуға үйрету. 4 адымнан екі аяқтап жоғары секіру білігін, итерілу кезінде қол мен аяқтың үйлесімді жұмысын бекіту. Баяу қарқында жүгіруге жаттықтыру – 1 минут. Ептілікті, назарды, кеңістікті бағдарлауды дамыту, СӨС машығын қалыптастыру.