Білім беру саласы: Денсаулық Бөлімі: Денешынықтыру Тақырыбы:Біздің спортзал
Мақсаты: Дене шынықтару сабақтарына қызығушылықтарын қалыптастыру.
Міндеттері: балаларға саптағы орнын табуды үйрету. Бір орында тұрып жоғары секіруге үйрету, бір мезетте екі аяғымен еденнен серпіліп секіру қабілетін дамыту. Кішірейтілген алаңда жүруге жаттықтыру, тепе-теңдік сақтау қабілетін дамыту. Алғырлық, қабілеті мен зейінін дамыту, Денешынықтыру сабағына деген қызығушылығын күшейту. Күтілетін нәтижелер: жасайды:заттардың көмегінсіз жалпы дамытатын жаттығуларды шеңберде тұрып орындайды, бір орында тұрып жоғары секіре алады. түсінеді: қатардағы өз орнын, қалай жұп құрау керектігін біледі.
қолданады: тізбекте бір-бірден жүру; екі сызықтың ортасымен жүру әдісі.