Мақсаты: секіргіш арқылы секіру және көлденең нысанаға лақтыру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: қолды екпінмен жазып, допты көлденең нысанаға көздеп лақтыру қабілетін, көзбен мөлшерлеу қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз. Қысқа секіртпенің көмегімен қатты жоғары көтерілмей, алдымен аяқтың ұшын, содан соң өкшені басып, ырғақпен секіру қабілетін нығайту. Жарысу, сайыс ережелерін орындау қабілетін бекітуді, айналасындағы адамдарға құрметпен қарауға тәрбиелеуді жалғастырамыз.
Мақсаты: ептілікті және өз әрекетін басқа балалардың әрекеттерімен үйлестіру білігін дамыту.
Міндеттері: қолды екпінмен жазып, допты тік нысанаға көздеп лақтыру қабілетін жетілдіру, тоқтамай көздеуге және лақтыруға үйрету. Арқаға жүк салып төрт аяқтап еңбектегенде үйлесімді қозғалу қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз. Құбылмалы жағдайларда өзінің қозғалыс тәжірибесін дұрыс пайдалана білу қабілетін нығайтуды, батылдыққа, табандылыққа тәрбиелеуді жалғастырамыз.
1
106 Тақырыбы: Сиқырлы
өзгерістер
Мақсаты: көлденең нысанаға дәлдеп лақтыру дағдыларын бекіту.
Міндеттері: қолды екпінмен жазып, допты көлденең нысанаға көздеп лақтыруға үйрету, допты лақтыратын қол жанындағы аяқты ақырын алға қою қабілетін жетілдіру. Алақан мен тізені тіреп еңбектеу, өз қимылдарын қадағалау, арқаны тік ұстау қабілетін нығайту. Құбылмалы жағдайларда өзінің қозғалыс тәжірибесін дұрыс пайдалана білу қабілетін нығайтуды, батылдыққа, табандылыққа тәрбиелеуді жалғастырамыз.
1
107 Тақырыбы: Достасайық бәріміз
Мақсаты: аяқтың ұшымен жүру және допты жоғары көтере тастау дағдыларын бекіту.
Міндеттері: жұптасып жүрген кезде үйлесімді қимылдау қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз. Аумағы шектелген аймақта қысқа-қысқа адымдар жасап аяқтың ұшымен жүру, денені тік ұстау қабілетін нығайту. Жалпақтабанның алдын алу. Допты жоғарыға лақтыру және оны қос қолдап қағып алуға жаттықтыру. Балалардың зейінін, үйлестіру қабілетін, кеңістікте бағдарлау қабілетін дамыту; жинақылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.
1
108 Таза ауада өткізу Тақырыбы: Қазақтың қимыл-қозғалыс
ойындары
Мақсаты: қазақтың қимылды ойындары арқылы балалардың қозғалыс тәжірибелерін байыту.
Міндеттері: оңға, солға бұрылу, өз төңірегінде айналу кезінде бір уақытта қос аяқпен жерден екпінмен итерілу қабілетін нығайтуды жалғастырамыз. Жүрген кезде қолды әртүрлі қалыпта ұстауға үйрету, зейіні мен үйлестіру қабілетін дамыту. Жүгіру бағытын өзгерту қабілетін жетілдіруді әрі қарай жалғастырамыз. Толерантты болуға тәрбиелеу.