Сабақтың мақсаты:
а) Ондық бөлшектер тарауын пысықтау, шыңдау, қорытындылау
ә) Шапшаңдыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу
б) Логикалық ойлау қабілетін, өзбетімен жұмыстана білу дағдысын, шығармашылық қабілетін, тез, дәл есептеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сөздік, ойын, тест, деңгейлік, жеке оқушымен жүмыс
Көрнекілігі: Кесте, үлестірме материалдар, тест тапсырмалары, суреттер
Сабақтын өту барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушыларды түгелдеу, зейінін сабаққа аударып, сабақ мақсатын баяндау, сабақ түрімен, өту жоспарымен таныстыру
Мұғалім: Біз бүгінгі сабағымызда ұшақпен ондық бөлшектер әлеміне саяхатқа шығып, ондық бөлшектерден алған білімізді саралап, қорытындылаймыз. Ұшаққа отыру билетін алып, қандай ұшақпен ұшатынымызды біліп, ұшаққа орналасайық.
II. «Шапшаңдық гимнастикасы»
Тақтаға алдын ала ілінген (бір жағында сұрақ, бір жағында әріп) дөңгелекшелерде жазылған сұрақтарға жауап алу.
1. Ондық бөлшектерді салыстыру ережесі (И)
2. Ондық бөлшектерді қосу, азайту ережесі (Л)
3. Ондық бөлшекке айналдыр: бір бүтін төрттен бір (‑)
4. Ондық бөлшектерді көбейту ережесі (1)
5. Мына ондық бөлшектерді оқы: 0,013; 1,24; 12,008; (1)
6. Ондық бөлшекті натурал санға қадай бөлеміз? (0)
7. Ондық бөлшектерді бөлу ережесі.
Сонымен біз ИЛ-110 ұшағына орналастық.
Ал ұшақта негізінен жолаушылар музыка тыңдайды, газет оқиды, сөзжұмбақ шешеді, ал біз «Білім мен дәстүр» сынынан өту үшін мына тапсырмаларды орындайтын боламыз.
II. «Білім және дәстүр» сыны тапсырмалары
№1 тапсырма
1. «Білім сыны» сұрағы: а) Кестемен жұмыс
-
Жай бөлшек
|
3
4
|
|
|
7
25
|
Ондық бөлшек
|
|
0,32
|
|
|
2. «Дәстүр сыны» сұрағы: ә) Айт мейрамдарын ата
№2 тапсырма
1. «Білім сыны» сұрағы: а) «Тізбек» ойыны
Ондық бөлшектерді салыстыр:
3,8 * 3,08 6,279 * 6,28
1,52<*<1,6 2,8<*<2,9
0,59 * 0,5 5,4039 * 5,404
0<*<0,1 12,6<*<12,66
2. «Дәстүр сыны» сұрағы: ә) Ұлыстың ұлы күні туралы не білесің?
№3 тапсырма
1. «Білім сыны» сұрағы: а) Тест жұмысы (ауызша)
Алдарыңдағы түрлі-түсті сигнал карточкалар арқылы дұрыс жауапты көрсетіңдер.
А В С
1. Қосуды орында: 5,2+13,058=
А) 63,060 Ә) 18,060 Б) 18,258*
2. Азайтуды орында: 3-2,66=
А) 2,63 Ә) 0,34* Б) 2,36
3.Көбейтуді орында:
3,2 * 4=
А)128 Ә) 1,28 Б) 12,8*
4. Бөлуді орында:
0,84 : 7 =
А) 0,12* Ә) 12 Б) 1,2
2. «Дәстүр сыны» сұрағы: ә) Ұлттық ойындарды ата
Міне, «Білім мен дәстүр» сынынан өтіп, межелі жерге де жеттік.
Қандай сөз жазылған? «Көктем»
Ал көктем туралы не айтасыңдар? Күтілетін жауаптар: Күннің жылынуы, аналар мерекесі, көрісу айт , ұлыс күні, жыл құстары, құстардың ұя салуы.
III. « Кім тапқыр?» ойыны
«Қандай құстың ұясы екен?»
Қарылғаштың ұясы 3. Теңдеуді шешіңдер: