№ 5 Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Түрлі түсті кегельдер
Мақсаты: Секіру және допты домалату дағдыларын дамыту.
Міндеттері:өкшемен отырып, бір-біріне допты домалату, көзбен өлшеу, доптың бағытын сақтау қабілетін дамыту. Бір орында қос аяқтап және бір аяқтап секіруді жалғастыру, секірген кезде тізесін аздап бүгіп, аяқтарын бірге және бөлек қою қабілетін нығайту. Залда әртүрлі бағытта жүріп жаттығу, оң және сол жақтағы заттарды айналып өту қабілетін жетілдіру. Денешынықтыру сабақтарына қатысты оң көзқарас қалыптастыруды жалғастыру. Күтілетін нәтиже: жасайды: кегельдермен жалпы дамытатын жаттығулар орындау, «өкшеге отыру» қалпында допты бір-біріне қарай домалату.
түсінеді: кегельдердің не үшін пайдаланылатынын, заттардың арасымен жүргенде бағытты қалай өзгерту керектігін, допты бір-біріне домалатқанда оның бағытын сақтау қажеттігін, өзінің саптағы орнын қалай табу керектігін.
қолданады: ойын кезінде кеңістікте бағдарлау қабілетін, секірген кезде тізені сәл бүгіп, аяқтарды бірге қоюды және арасын ашып қоюды біледі.