Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 3



бет105/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 3


Білім беру саласы: Денсаулық. Коммуникация Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Футбол добымен танысамыз
Мақсаты: Футбол добымен ойнау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: организмнің функционалдық мүмкіндіктерін арттыруға ықпал ету. Арқанның астымен еңбектеген кезде басын тигізбей өту кезінде топтасу қабілетін, ептілік пен икемділігін дамыту. Допты екпінмен итеріп, оның бағытын сақтап қалу, көзбен өлшеу қабілетін нығайту. Кеңістікте бағдарлау, зейін қою қабілетін дамыту. Ұжымшылдыққа, бірге ойнауға тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
жасайды: ойындық массаж, мимикалық гимнастика. түсінеді: тартылған арқанға басын тигізбей оның астынан өтеді, допты саусақтарының күшімен итереді.
қолданады: шеңбер құрады және сапқа тұрады, допты дұрыс ұстайды, кеңістікте бағдарлауды біледі.
Құралдар мен материалдар: ойыншық құртақан, балалардың санына қарай диаметрі 15 см доптар, қақпалар – ені – 60 см – 3дана, ұзындығы – 3 метр жіп.
Денсаулық сақтау технологиялары: саусақтарға арналған «Кір жуғыш құртақандар» жаттығуы, «Бояушы» ойын түріндегі массаж.
Билингвалды компонент: допты қақпаға қарай домалатыңдар – катите мяч в ворота, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания.
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Футбол добын көретеді.
Футбол добының мақсаты туралы әңгімелеруді ұсынады. Футбол – спорттық ойын деген ұғыммен таныстырады.
II. Негізгі кезең.
Алаңда баяу жүгіру 1 мин, оның барысында тәрбиешінің нұсқауы бойынша балалар жүгіреді және жан-жаққа жүгіреді, жаңа нұсқауы бойынша тізбектегі орындарын табады. Жүру. Шеңберге қайта тұру.
II. Затсыз жалпы дамытатын жаттығуларды жасау (№1кешен).
Негізгі қимыл-қозғалыстарды жасайды:
Спорттық ойындардың элементтері – футбол
Допты 2 метр қашықтықтан аяқпен қақпаға домалату (4 рет).
Жаттығуды үш адамнан жасайды: қозғалыс басталатын сызыққа келеді, допты аяқпен соғады, педагогтің белгісі бойынша оның артынан жүгіреді және тізбектің соңына барып тұрады. Педагог допты аяқпен екпінді түрде итерілуіне және доптың қозғалысы бағытының сақталуына назар аударады.

Қимыл-қозғалыс ойыны: «Сабалақ ит»
Ойын түріндегі массаж «Бояушы».

  1. Бояушы қоршауды бояйды, демалғанды ұнатпайды. Біз де бояу жағатын қылқаламды қолға алып, оған көмектсейік!

  2. Аула сыпырушы ағай демалғанды ұнатпайды. Үнемі сыпырады да жатады. Кәне, балалар, біз де сыпырғышты алып көмектесейік.

  3. Тігінші инемен киім тігіп, бір тыным таппайды. Ол да демалғанды жақсы көрмейді. Тезірек инемізді алып, тігіншіге көмектесейік.

  4. Міне, мына аспаз сорпа пісіріп жатыр. Ол да демалғанды ұнатпайды. Біз де қасығымызды алып, сорпаны араластыруға көмектесейік.

  5. Мынау – ұста. Тақтай кесіп жатыр. Ол да бір демалмайды. Біз де арамызды қолымызға алып, ұстаға көмектесейік, балалар.

  6. Ал мына кісі тыным таппай пианинода ойнайды. Біз де пианинода ойнайық.

Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді. III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Мимикалық гимнастика
«Көтеріңкі көңіл күй» – балалар іс-қимылдың көмегімен өздерінің көтеріңкі көңіл күйін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет