Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Біз – епті балалармыз Мақсаты: Баланың қозғалыс қабілеті мен үйлесімділігін дамыту.
Міндеттері: бір орында қос аяқтап және бір аяқтап секіру, қол мен аяқтың қозғалысын үйлестіру қабілетін дамыту. Ырғақпен адымдау және сапта жүріп бара жатқанда педагогтің белгісі бойынша бағытын өзгерту қабілетін дамыту. Алақаны мен тізесіне сүйеніп түрлі бағытта еңбектеуге жаттықтыру, бір-бірімен соқтығыспай айналып кету қабілетін нығайту. Ептілікке баулу, қимылдарын үйлестіруге және спортзал ішінде кеңістікті бағдарлауға үйрету. Жинақылық пен дербестікке тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: жасайды: кегельдің көмегімен орындалатын жалпы дамытатын жаттығулар, «аяқтарды қосып, аяқтардың арасын ашып» секіру; ойындағы рөлдік іс-қимылдар.
түсінеді: кегельдердің не үшін пайдаланылатынын, шеңбер құрау тәртібін, өзінің саптағы орнын қалай табу керектігін, кішкентай марғаулардың қалай ойнайтынын.
қолданады: кеңістікте бағдарлау, бір-бірден сапта бағытын өзгертіп жүру және жүгіру қабілеті; алақаны мен тізесін тіреп әртүрлі бағытта төрт аяқтап еңбектеу.