Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Орман жұмбақтары
Мақсаты: Секіру және доғаның астымен еңбектеу дағдыларын бекіту.
Міндеттері:екі аяқтың ұшымен серпіле секіру (аса биік емес) қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз. Адымын қолдың шынайы қозғалысымен үйлестіріп басу, сызықтан шықпай жүру қабілетін нығайту. Алақаны мен табанын тіреп еңбектеуге жаттығуды жалғастыру; организмнің жалпы төзімділігін, үйлестіру қабілетін дамыту. Жануарлардың табиғаттағы тіршілігі туралы түсінігін кеңейту, экологиялық мәдениет қалыптастыруға ықпал ету. Жинақылыққа үйрету, зейіні мен ойлау қабілетін дамыту. Күтілетін нәтиже: жасайды: орман жануарларының (қояндар, аю) қимыл-қозғалыс ерекшеліктерін, ойындық жаттығу кешенін. түсінеді: орман жануарлары туралы жұмбақтарды, қолды еркін ұстап қатар жатқан қос сызықтың ортасымен кең адымдап жүру жолдарын.
қолданады: екпінмен секіру, ойын барысында ұсақ заттарды бір-біріне беру, алақаны мен табанын тіреп еңбектеу қабілеті.