№ 12 Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Сымбатты дене. (Таза ауда өткізу) Мақсаты: Велосипед тебу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:велосипедпен тура бағытта жүруге үйрету. Секірген кезде аяқтарды кезекпен ауыстыруды үйретуді жалғастыру (бір аяқ алда, екіншісі – артта). Кішірейтілген алаңда жүргенде тұрақты тепе-теңдік сақтау жаттығуларын жасау, дене сымбатының бұзылуының алдын алу. Педагогтің түсіндіргендерін мұқият тыңдау қабілетін қалыптастыру, оның көрсеткендерін мұқият есте сақтауға үйрету. Организмнің жалпы төзімділігін, үйлестіру қабілетін дамыту. Дені сау, салауатты әрі әдемі болуға деген құштарлыққа баулу. Күтілетін нәтиже: жасайды: жалпы дамытатын жаттығулар, секіру, құлақ жарғағын уқалау.
түсінеді: жолда екі сызықтың арасымен жүруді, велосипед педалін екпінді түрде айналдыру, денесін тік ұстауды.