Денешынықтыру


Қолданады: жер бетінен екпінді түрде итерілу білігін



бет124/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Қолданады: жер бетінен екпінді түрде итерілу білігін, жерден екпінмен итерілу, шеңберге тұру, екі тізбекке тұру, тізбекте жүру қабілетін.
Құралдар мен материалдар: текшелер 4 дана, әдемі мүсіннің суреті салынған иллюстрациялық материалдар.
Денсаулық сақтау технологиялары: тыныс алу жаттығулары, құлақтың жарғағын уқалау
(шынықтыру және суық тиюдің алдын алу үшін)
Билингвалды компонент: шеңберге тұрыңдар – встаньте в круг, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания.
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сымбатты (әдемі) мүсін деген не, ол не үшін қажет деген бағытта қысқаша әңгіме жүргіземіз.
Тыныс алу жаттығуларын орындауға шақырады.  Иығымызға кезек-кезек үрлейміз

  • Ішімізге үрлейік, аузымыз түтік сияқты созылды

  • Аспандағы бұлттарға қарайық

  • Оларға қолымызды созайық!

  • Бір-бірімізге қарайық, жымияйық, күлімдейік.

II. Негізгі кезең.
Бір-бірден тізбекке тұру, тізбекте бір-бірден жүру және жүгіру; түзету жаттығулары. Шеңберге тұру.
Жалпы дамытатын жаттығуларды орындау (жаттығулардың дұрыс орындалуына, дене сымбатының дұрыс болуына назар аудару қажет).
Негізгі іс-қимылдарды орындайды:
Секіру: бір аяқ алда, екіншісі артта тәсілімен секіру. Ойын түріндегі жаттығу:
«Шапалақта-секір».
Екі сызықтың арасымен жүру – тепе-теңдік сақтау. Ойын түріндегі жаттығу: «Жолмен жүріп өт». Тапсырма – жолдың шетіне шықпау, денені тік ұстау.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Ұшақтар»
Тыныс алу жаттығуларының элементтерімен.
Құлақтың жарғағын уқалау (шынықтыру және суық тиюдің алдын алу үшін) 1. Құлақтың жарғағын алға қарай иеді (5 рет).

  1. Сырғалығын тартады.

  2. Құлақтың төмпешігін (құлақ жарғағының алдыңғы жағында тұрған бүртік, төмпешік) 20–30 секунд уқалайды.

  3. Қарсы шиыршықты уқалау (сыртқы есту жолының артында орналасқан дөңес шеміршек).

  4. Құлақ жарғағын уқалаймыз (2-3 рет).

Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
Үш дөңгелекті велосипед тебу
«Орнымызды ауыстырамыз»
Тәрбиеленушілер спорт алаңының қарама-қарсы жақтарында тұрады. Педагог қыздарға ұлдармен орындарын ауыстыруды, велосипедпен жүріп өтуді ұсынады. Қозғалыс бағытын сақтауға назар аударады. Жүрмес бұрын дұрыс отыру және велосипедтен түсу білігіне назар аударады.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Тәрбиеленушілерге әдемі мүсіннің суреті бейнеленген иллюстрациялармен танысып, ұнағанын таңдауды ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет