Денешынықтыру



бет132/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: ұзындығы 6–8 метрлік таспа жіп.
Билингвалды компонент: таспа – лента, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ойын: «Не жасырылғанын тап!». Балалармен бірге таспа жіпті пайдалану жолдарын анықтайды. Таспа жіп ұстаған гимнаст қыздың суретін көрсету. Оның дене сымбатына, қозғалыс сұлулығына балалардың назарын аударады.
II. Негізгі кезең.
Ойын түріндегі жаттығу: «Тез ал, тез көтер» – таспа жіптің төңірегінде жүру, жүгіру.
Екі ұшы бір-біріне байланған таспа жіппен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау, арақашықтықты сақтау.
Негізгі іс-қимылдарды ойын түрінде орындау:
Тепе-теңдік – шеңбер формасында тасталған таспа жіп бойымен жүру – гимнасттар сияқты әдемі жүру.
Жаттығуды дұрыс орындау жолдарын түсіндіру: қолды қапталға созып, басты тік ұстайды, табандарымен таспа жіпті басады; шеңбердің сыртына шықпау керек.
Ойын түріндегі жаттығу «Қоңырауға жанаспа».
Төрт аяқтап еңбектеу, таспаның астымен төмен еңкейіп өтеді және қоңырауға жанаспауға тырысады.
Ойындар ұйымдастыру: «Көбелектер мен құрбақалар». Ойын тәртібін түсіндіру. Белгі бойынша қимылдайды.
«Қатып қал!». Бір-бірден тізбекте жүру, тапсырмаларды орындау.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Балалардан сабақтан кейін әдемі болғандарын, әдемі жүруді үйренгендерін көрсетіп берулерін сұрайды. Достарын да әдемілеп жүруге үйретуге шақырады. Үйде айнаның алдында тұрып жаттығу қажеттігін айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет