Денешынықтыру



бет134/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: ұзындығы 6–8 метрлік жіп, топтың жартысына жететіндей етіп диаметрі 20 см доптар.
Билингвалды компонент: допты бір-біріңе домалатыңдар – катите мяч друг другу, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың назарын шеңбер пішінінде тасталған жіпке аударады. Бұрынғы сабақтарда жіпті пайдаланып орындаған жаттығуларды, жіпті пайдалану жолдарын еске түсіруді сұрайды.
II. Негізгі кезең.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Тез шеңберге кір». Музыканың ырғағымен өкшені жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру, денесін тік ұстайды.
Бір-бірден тізбекте жүру, жүгіру – арақашықтықтарын сақтау, мұрын арқылы демалу, қимылдарды үйлесімді орындауға тырысу.
Шеңбер формасындағы жіппен жалпы дамытатын жаттығуларды орындау. Балаларды шеңбер бойына тарату.
Негізгі іс-қимылдарды орындайды:
Тепе-теңдік – шеңбер формасында тасталған таспа жіп бойымен жүру. Табанды жіптің үстіне қою, шеңберден шықпау қабілетін бақылау.
«Өкшеге отырып» допты бір-біріне домалатады (қашықтық – 2 метр). «1-2-3 – жұбыңды тап!» командасы бойынша өз жұбын табу.
Допты екі қолдың күшімен итеру қажеттігіне және доптың қозғалыс бағытын сақтауға балалардың назарын аудару.
Жіпті пайдалану арқылы: «Соқыртеке» ойынын ұйымдастырады. Соқыртеке рөлін орындайтындарға арнап шеңбер жасайды. Ең епті әрі алғыр балаларды ынталандыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды, тапсырманы жақсы орындауға тырысқан, епті балаларды ынталандырады. Бұл ойын туралы үйдегі жақындарына, достарына айтып беруді ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет