№ 18 Білім беру саласы: Денсаулық.
Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Организмді шынықтырамыз. (Таза ауада өткізу) Мақсаты: Самокат тебу және секіру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:тыныс алу мен дем шығару актілерін реттеуді үйрету. Сапта жүрген кезде бағытты өзгерту қабілетін жетілдіру.
Бір-бірден тізбекке тұруға жаттықтыру, өз бетінше әрекет ету және сапқа тұрған кезде кеңістікті бағдарлау қабілетін дамыту. Бір орында қос аяқтап секіруге жаттығуды жалғастыру. Бір уақытта екі аяқпен бірдей еденнен серпіліп секіру қабілетін қалыптастыру. Еденнен бір уақытта қос аяқпен екпінмен секіру қабілетін нығайту. Педагогтің түсіндіргендерін мұқият тыңдау, көрсеткендерін бақылау қабілетін қалыптастыру, жинақылыққа, зейінді болуға үйрету. Өз организмін күтуге үйрету. Күтілетін нәтиже: жасайды: жалпы дамытатын жаттығуларды (заттарсыз), бір орында жоғары секірген кезде еденнен екпінмен итерілу жаттығуларын, педагогтің нұсқауы бойынша ойындағы рөлдік қимылдарды. түсінеді: екі тізбекке қалай тұру керектігін, өзінің тізбектегі орнын қалай табатынын, ауаны көбелекке бағыттап үрлеуді, самокатты қалай тебуді.
қолданады: бір-бірден тізбекте жүру және жүгіру, кеңістікте бағдарлау, самокаттың мақсаты, сырғанаған кезде жердің бетінен бір аяқпен екпінді түрде итерілу, тыныс алу жаттығуларын орындау қабілетін.