Денешынықтыру



бет126/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: «орман» тақырыбындағы слайдтар, ұзындығы 3 метрлік жіп
– 4 дана.
Билингвалды компонент: қояндар – зайцы, көңілді қонжықтар – веселые медвежата, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балаларды орманға саяхатқа аттануға шақырады. Слайдтарды көрсетеді.
II. Негізгі кезең. Бір-бірден тізбекте жүру және жүгіру, арасында табанның сыртқы жағымен жүру.
Ойын түріндегі жаттығу
«Табиғат ғажайыптары» (демді іште ұстамай, мейлінше дәл орындауға тырысу қажет).
Жұмбақ жасырады.
Үстінен тоны түспеген, Сонда да араз қыспенен. Жаз бойы жегені – жидек пен бал, Қыс бойғы мекені – апан.
(Аю)
Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады. (Қоян)
Негізгі іс-қимылдарды ойын түрінде орындау, Қоянға айналуға шақырады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Секеңдеген қояндар».
Бір орында 20 рет секіреді. Түсіндіреді – түлкі естіп қоймас үшін аяқтың ұшымен секіру қажет.
Ойын түріндегі жаттығу: «Жолмен жүріп өт».
Қос пареллель сызықтан (жіптерден) жасалған қос жол (жол арқылы орманның арғы шетіне өту, жолдан шығып кетуге болмайды, әйтпесе, орманда адасып кетеді).
Алақаны мен табанын тіреп, 6 метр қашықтыққа төрт аяқтап еңбектеу.
Ойын түріндегі жаттығу: «Көңілді қонжықтар». Бастапқы қалыпқа (табан мен алақанды тіреу) өз бетінше тұруға, аяқ пен қолдың үйлесімді қимылдауына назар аудару.
Қимыл-қозғалыс ойыны: «Кеттi, кеттi орамал». Жетекшінің рөлін орындайды. Ол шеңбердің бойымен тез-тез жүріп, балалардың орамалдарын алып қоюға тырысады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Ойын түріндегі жаттығу: «Дұрыс көрсет», жүргізушінің рөлін атқарады: «Көңіл күйің қандай?». Қорытынды жасайды: орманға саяхаттап қайтқаннан кейін балалар епті, шапшаң бола бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет