Білім беру саласы: Денсаулық.
Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы:Көңілді құртақандар
Мақсаты: Доппен жаттығу жасау және сызық арқылы секіру дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері:допты алға-жоғары көтеріп, оны қос қолдап қағып алуға үйрету. Тізені аздап бүгіп, сәл ғана биікке секіру жаттығуларын ырғақпен орындау қабілетін нығайту. Басына құм салынған қапшық қойып жіпті бойлай жүруге жаттығу, тепе-теңдік сақтау қабілетін дамыту, әдемі жүріске дағдыландыру. Педагогтің түсіндіргендерін мұқият тыңдау қабілетін қалыптастыру, оның көрсеткендерін мұқият есте сақтауға үйрету. Қимылқозғалыстарды балалармен бірге орындау. Күтілетін нәтиже: жасайды:ойындық жаттығулар кешенін, допты қос қолдап екі жақтан ұстау, басына құм толтырылған қапшық қойып, еденге тасталған жіп бойымен жүру жаттығуларын. түсінеді: ырғақпен секіру, допты алға-жоғары лақтыру, жіп бойымен жүргенде тепетеңдік сақтау жолдарын. қолданады:екпінмен секіру, басына құм толтырылған қап қойып, жіп үстімен жүру қабілетін.