Денешынықтыру



бет322/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: гимнастикалық қабырға, көшпелі баспалдақ (саты), гимнастикалық бөрене, әр балаға диаметрі 20 см доп, қазақша ою-өрнек салынған сандық, тапсырмалар жазылған карточкалар, әр балаға күліп тұрған смайликтер.
Билингвалды компонент: «Құпиялы сандық» – «Сундук с секретом», сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалардың назарын жабық тұрған сандыққа аударады. Сандықтың үстінде карточкалар салынған хатқалта жатыр. «Сандық біз тапсырманы орындағаннан кейін ғана ашылады».
II. Негізгі кезең.
№1 карточка.
Допты пайдаланып түзету жаттығуларын орындау: аяқтың ұшымен жүргенде – допты жоғары көтереді, өкшемен жүргенде – допты алға шығарып ұстайды. Қолға доп ұстап, солға қарай қосалқы адым жасап жүру.
Допты пайдаланып, жалпы дамытатын жаттығулар орындау: саусақтарын қатты қыспай, допты еркін ұстау.
Негізгі қимылдарды орындау.
№2 карточка.
Допты бір қолмен еденге ұру.
Нұсқау: саусақтарын жазып, допты алақанымен қарсы алу, допты қолдың басымен соғу. Қимылдардың дұрыс орындалуын қадағалау.
№3 карточка.
Көлбеу баспалдақ (саты) үстімен өрмелеу, гимнастикалық қабырғаға өту, көшпелі саты гимнастикалық қабырғаның төртінші кермесіне қойылған.
Көлбеу сатының шетінен ұстау техникасының сақталуын қадағалау: бас бармақпен үстінен, төрт саусақпен астыңғы жағынан қысып ұстайды.
№4 карточка.
Көлденең бөрене үстімен жүру. Нұсқау: аяқтың ұшымен жүру, дене мен басты тік ұстау қажет.
№5 карточка
Ойын: «Біз көңілді балалар».
Ойын тәртібін түсіндіру.
Жүргізушіні санамақтың көмегімен таңдап алады.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Көздерін жұмып сандықты тауып алуларын сұрайды.
Смайлдарды таратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет