Мақсаты: музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқынмен қозғалу білігін дамыту.
Міндеттері: қатар жатқан қос сызықтың ортасымен кең адымдап жүруге үйрету. Түрлі ырғақпен музыкаға сәйкес әртүрлі қозғалыстар жасау, ырғаққа сай жүру, қолдарын қозғалтып алға-артқа жеңіл жүгіру. Допты бір-біріне домалатуға жаттығу, допты қос қолдап серпіп итеру қабілетін қалыптастыру; көзбен мөлшерлеу, кеңістікте бағдарлау қабілеттерін дамыту. Балалардың бойында қайырымдылық, дербестік, ойыншықтарды күтіп ұстау сынды қасиеттер
1
қалыптастыру.
27 Таза ауада өткізу. Тақырыбы: Қонжық қалай шынықты?
Мақсаты: қозғалыс үйлесімділігі дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері: самокат тебуді үйрету, бір аяқпен жердің бетінен күшпен итерілу. «Жыланша» жүріске және жүгіруге жаттықтыру, заттарды оң жақтан және сол жақтан айналып өту қабілетін жетілдіру. Қимылдарды саппен орындау қабілетін қалыптастыру. Қолды бастан жоғары көтеріп шапалақтап, ырғақпен секіруге жаттықтыру (аяқтары бірге, аяқтарының арасын ашып). Жалпақтабанның алдын алу – табандағы буындардың қозғалғыштығын арттыру. Организмнің жалпы төзімділігін, ептілік пен үйлестіру қабілетін дамыту.