69 Таза ауада өткізу Тақырыбы: Кішкентай шаңғышылар
Мақсаты: спорттық жаттығуларды орындау арқылы қимыл үйлесімділігін және тепе-теңдікті дамыту.
Міндеттері:төбешікке қосалқы қадаммен, бір қырымен көтерілуге үйрету. Шаңғы жолымен бірінің артынан бірі сырғымалы қадаммен жүру білігін бекіту. Шаңғы жолымен бір-бірінің артынан сырғанай адымдап қозғалу біліктерін бекіту. Динамикалық тепе-теңдікті және қимыл үйлесімділігін дамыту. Спортпен шұғылдану, салауатты өмір салты машықтарын тәрбиелеу.
Мақсаты: өрмелеу және алысқа лақтыру дағдыларын дамыту.
Міндеттері:бастапқы қалыпты дұрыс ұстай білуге, қапшықты қолды жазу арқылы күшпен алға-жоғары-алысқа лақтыруға жаттықтыру. Аяқты кезекпен қойып гимнастикалық қабырғамен жоғары және төмен өрмелеу, қол мен аяқты үйлестіріп қимылдату қабілетін нығайту. Кеңістікте бағдарлау қабілетін, организмнің жалпы төзімділігін дамыту, анық және ырғақпен қозғалуға үйрету,
1
өзге балалармен үйлесімді қимылдау қабілетін дамыту, саяхаттауға, бір нәрсені білуге, көруге деген құштарлығын арттыру.