Мақсаты: спорттық жарыстар мен ойындар туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:шайбаны берілген бағытта доптаяқпен сырғанатуға, оны қақпаға енгізуге үйрету. Бастапқы қалыпты дұрыс ұстай білуге, заттарды қолды жазу арқылы күшпен алға-жоғары-алысқа лақтыруға жаттықтыруды жалғастырамыз. Ептілікті, мергендікті, тез әрекет етуді дамыту. Жинақылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Мақсаты: ойындар арқылы негізгі қимылдарды орындау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: орындықтан секірген кезде табанды белсенді түрде жазу және жерге аяқты аздап бүгіп түсу қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз. Солға қарай қосалқы адым жасау тапсырмасын тізені қатты бүкпей, иықты бұрмай ырғақпен орындау қабілетін қалыптастыру. «Жыланша» жүгіріп жаттығу, заттардың арасымен жүгіргенде бағытын өзгерту қабілетін жетілдіру. Ептілікке баулу, кеңістікте бағдарлау және әрекет ету жылдамдығын дамыту. Бір-іріне қайырымды болуға тәрбиелеу.