Мақсаты: доп лақтырысу және өрмелеу дағдыларын бекіту.
Тақырыбы: Бір, екі, үші – қайтала!
Міндеттері: допты көтерілген қолдың деңгейінде тартылған жіп арқылы лақтыру, допты алға-жоғары бағыттау қабілетін жетілдіруді жалғастырамыз. Гимнастикалық қабырғамен өрмелеуге жаттықтыру, оңға қосалқы адым жасап бір кермеден (пролет) екіншісіне көшу және көлденең бағытта кермелерден ізбе-із ұстау қабілетін дамытуды жалғастыру. Педагогтің айтқандарын тыңдау, оның көрсеткендерін мұқият ден қоюға үйрету, өз қимылдарын өзге балалармен үйлестіріп жасауға, қозғалыстың ізбе-ізділігін сақтауға үйрету. Ептілік пен үйлестіру қабілетін дамыту. Батыл болуға, өзі мен өзге балаларға құрметпен қарауға тәрбиелеу.