64
Тақырыбы : Алақанмен шапалақтап, аяқпенен топылдатамыз
|
Мақсаты: көлденең нысанаға дәлдеп лақтыру дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері: қарағай бүрлерін (ойыншық текшелерді) 2 метр қашықтықтан көлденең нысанаға лақтыру, көзбен мөлшерлеу қабілетін дамыту. Адымын кең ашып, жылдам қарқынмен жүгіру, қол мен аяқтың қозғалысын үйлестіру қабілетін жетілдіру. Табанды өкшеден аяқтың ұшына дейін тигізу, тепетеңдік сақтау қабілетін нығайту (жалпақтабанның алдын алу, табандағы бұлшық еттерді нығайту). Педагогтің айтқандарын тыңдау, оның көрсеткендеріне мұқият ден қоюға үйрету, өз қимылдарын өзге балалармен келісіп жасауға үйрету, қозғалыстарды орындау ізбе-ізділігі мен тәртібін сақтау.
|