Мақсаты: лақтыру және секіру дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері: көлбеу тақтаймен жоғары өрмелегенде аяқ пен қолдың қимылдарын үйлестіруге үйрету. Затты алысқа лақтырған кезде қолды иықтан алға-жоғары көтеру және күшпен лақтыру қабілетін жетілдіру. Құрсаудан-құрсауға кезекпен, қос аяқпен бір уақытта секіру және жерге түскенде аяқты жартылай бүгіп түсуге үйрету. Дене тәрбиесімен айналысуға, епті әрі шапшаң болуға деген қызығушылығын ояту.
1
87 Таза ауада өткізу Тақырыбы: Көктем келді, көктем!
Мақсаты: самокатпен сырғанау, ұзындыққа секіру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: самокатпен сырғанау кезінде бұрыла білуге, тепе-теңдікті сақтауға үйрету. Бір орында тұрып ұзындыққа секіргенде дененің бастапқы қалпын дұрыс сақтау, қолды төмен-алға қозғалтып, оны аяқтың серпілісімен үйлестіру қабілетін жетілдіру. Қозғалыс үйлесімділігін, зейінін дамыту, ептілікке баулу; төзімді болуға, тәртіпті болуға, күшті әрі алғыр болуға деген қызығушылығын қалыптастыру.