Денешынықтыру



бет141/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Құралдар мен материалдар: балалардың санына қарай диаметрі 20 см доптар, қағаздан жасалған құстардың макеті.
Билингвалды компонент: Мен сияқты жаса – делай как я, қолыңды алға соз – руки вперед, қолыңды қапталға соз – руки в стороны, қолыңды жоғары көтер – руки вверх, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Дені сау, салауатты болу, ауырмай, күшті әрі шапшаң болу үшін не істеу керек деген тақырыпта қысқаша әңгімелесу.
II. Негізгі кезең.
Тізбекте бір-бірден, екіден жүру және жүгіру жаттығуларын орындау. Жаттығулардың орындалу барысын қадағалау.
Ойын түріндегі жаттығу: «Мен сияқты жаса!» – қолды әртүрлі қалыпта ұстап реттеу жаттығуларын орындау.
Шапалақтау арқылы жалпы дамытатын жаттығуларды орындау – нұсқауларды орындау.
Ойын түріндегі жаттығу: «Орын алмасыңдар».
Негізгі қимыл-қозғалыстарды орындайды:
Бір қатарға арасы 1 метр қашықтықпен қойылған 5 заттың арасымен доптарды домалату.
Түсіндіру және көрсету: допты саусақтармен қатты итермейміз, оны кегельдерді айналып өтетіндей етіп оңға, солға бұрып отырамыз. Допты кегельдер арасымен домалатқан кезде балалардың арақашықтықтарын сақтауын қадағалау.
Бір орында тұрып оңға, солға бұрылып секіру. Секіру жаттығуларының орындалу тәртібі мен дұрыстығын көрсету: өзін айналып бұрылған кезде бірнеше бұрылысты ізбе-із орындау қажет.
«Көгершінді қуып жет» ойынын ұйымдастырады. Ойын тәртібін түсіндіру. Көгершіннің макетімен залды айналып жүгіру, балаларды макеттің соңынан жүгіріп, белсенді қимылдауға ынталандыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында педагог балалармен жеке-жеке жұмыс істейді. III. Қорытынды кезең (Рефлексия). Ойын: «Кiм зейінді?»
Балаларды ынталандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет