Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Түрлі түсті кілемшелер. (Таза ауада өткізу) Мақсаты: Велосипед тебу дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:үш дөңгелекті велосипедті тебуге үйрету. Бұлшық ет корсетін нығайту, жалпақтабанның алдын алу, қолдың ұсақ моторикасын дамыту, дыбыстар шығару арқылы тыныс алу жаттығуларын дұрыс орындау қабілетін нығайту. «Өкшеге отырып» допты бірбіріне қарай домалату қабілетін нығайту, көзбен мөлшерлеу дағдысын дамыту, доптың бағытын сақтай білуге баулу. Тізесін аздап бүгіп, ақырын жерге түсу қабілетін дамытуды жалғастыру. Денешынықтыру сабақтарына қатысты жағымды көзқарас қалыптастыруды әрі қарай жалғастырамыз. Епті әрі тез болуға ынталандыруды жалғастыру. Күтілетін нәтиже: жасайды: массаж жасайтын төсеніштерде жалпы дамыту жаттығуларын жасау, допты бір-біріне домалатқанда «өкшеге отыру» қалпын сақтау.
түсінеді: массаж жасайтын төсеніштерді қандай мақсатта пайдаланылатынын, допты бірбіріне домалатқанда саусақтардың күшімен, екпінмен домалату керектігін, тыныс алу жаттығуларын.
қолданады: кеңістікте бағдарлау, жерге тізесін сәл бүгіп, аяқтың ұшымен түсу қабілетін. Денсаулық сақтау технологиялары: жалпақтабанның алдын алу, дыбыстар шығару арқылы жасалатын тыныс алу жаттығулары, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.