Құралдар мен материалдар: массажға арналған төсеніштер, топтың жартысына жететін доп.
Билингвалды компонент: массажға арналған төсеніш – массажный коврик, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Қимыл-қозғалыс жасайтын алаңның үлгісін жасау: массажға арналған төсеніштерді екі қатарға жаяды. Балалардың назарын төсеніштерге аударады. Сиқырлы төсеніштердің балаларға епті болуға көмектесетінін айтады.
II. Негізгі кезең.
Тізбекте бір-бірден тез адымдап жүру және жүгіру, екеуін кезекпен орындау. Тізбекте бір-бірден өкшемен жүру (арқадағы бұлшық еттерді дамытады), аяқтың ұшымен жүру (жалпақтабанның алдын алады).
Аяқтың ұшымен жүгіру.
Кәдімгі жүріс.
Жалпы дамытатын жаттығуларды орындау (массаж жасайтын төсенішпен) 1. Бастапқы қалып: аяқтың арасын сәл ашып, қолды төмен түсіріп тұрамыз.
П.: қолды алға, кеуденің деңгейіне жоғары көтереміз, түсіреміз, бұрынғы қалпына қоямыз.
Б.қ.: сол қалып. Қолды белге қоямыз.
П.: отырамыз, қолдарымызбен еденді ұстап, тұрамыз, бастапқы қалпымызға қайтып ораламыз.
Б.қ.: қолды белге қойып, тізерлеп тұрамыз.
П: алға қарай еңкейеміз (солға).
Б.қ.: отырамыз, аяғымызды тік ұстаймыз, қолдарымызды артқа қойып тірейміз. П.: тіземізді бүгіп, ішімізге қарай көтереміз.
Б.қ.: аяқтарымызды қосып, қолымызды белге қоямыз.
П.: екі аяқтап секіреміз, жүреміз (екеуін кезекпен орындаймыз).
Негізгі қимыл қозғалыстарды ойын түрінде орындау:
Кез келген бағытта қос аяқтап секіру.
Педагог алаңның периметрі бойынша құрсауларды орналастырады. Тәрбиеленушілер белгі бойынша алаңның ортасына қарай секіреді. «Орныңды тап!» деген нұсқау бойынша тәрбиеленушілер өз құрсауларын жылдам табулары керек. Нұсқау: жер бетінен екі аяқпен бірдей екпінді түрде итерілу, аяқты тізеден жұмсақ бүге отырып, аяқтың ұшымен түсу. Үш дөңгелекті велосипед тебу.
«Орын ауыстыр»
Тәрбиеленушілер спорт алаңының қарама-қарсы жақтарында тұрады. Педагог қыздарға ұлдармен орын алмастыруды, велосипедпен жүріп қайтуды ұсынады. Қозғалыс бағытының сақталуына баса назар аударады. Жүрмес бұрын велосипедке дұрыс отыру және түсу білігіне назар аударады.
Тыныс алу жаттығуы: «Ботқа пісіреміз»
Б.қ.: аяқтың арасын сәл ашамыз, қолды белге қоямыз.
1-мұрынмен дем аламыз; 2-«ш-ш-ш» деген дыбыстармен демді сыртқа шығарамыз.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
ҰОҚ-ны қорытындылайды. Балаларды ынталандырады.
Ойын түріндегі жаттығу: «Міне, біз қандаймыз!»
Достарыңызбен бөлісу: |