Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 71



бет254/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары № 71


Білім беру саласы: Денсаулық. Әлеумет Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Жас өрт сөндірушілер
Мақсаты: Заттардан аттап өту, тізелерін жоғары көтере отырып жүру дағдыларын бекіту.
Міндеттері: аздап жоғары көтерілген баспалдақтың тақтайшалары арқылы аттап өтуге, тізені жоғары көтеріп, аяқты ұшымен қоюға, денені тік ұстап, тепе-теңдікті сақтауға үйретуді әрі қарай жалғастыру. Оңға қарай қосалқы адымды тізені көп бүкпей, арқа мен басты тік ұстап орындау қабілетін дамыту. Еденде бүйірімен тұрған баспалдақ тепкішектерінің арасымен еңбектеп өтуге жаттығу, дененің күшін арттыру, ептілікке баулу. Өзгелерге көмектесуге, тапқырлыққа тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже:
жасайды: баяу қарқынмен жүгіру – бір минут; жүгіргеннен кейін демін қалпына келтіруге арналған тыныс алу гимнастикасын, (оңға) қосалқы адым жасап жүру, баспалдақтың (сатының) тақтайлары арқылы аттап өту, кермелердің арасымен еңбектеп өту жаттығуларын. түсінеді: өрт сөндірушілердің әрекеттерін, баспалдақтың өрт кезінде атқаратын рөлін; секірген кезде таспа жіпке қол жеткізу үшін жерден қалай итерілу керектігін.
қолданады: баспалдақтың тақтайларынан аттап өткенде тізені жоғары көтеру және тепетеңдік сақтау қабілетін, бүйірінен қойылған баспалдақ тақтайларының арасымен еңбектеу қабілетін, кеңістікте бағдар табу қабілетін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет