Алаңға текшеден шеңбер жасалады. Балалар бір-бірінен 1,5 метр қашықтықта тұрады. Белгі берілген кезде шеңбер бойымен жүреді, алда қашып бара жатқан баланы қуып жетуге тырысады. Екі рет бір жаққа, екі рет екінші жаққа қарай айналады.
Екі бала бірінің артына бірі тұрады. Екінші бірінші баладан ұстап тұрады. Екі жұп жарысады.
Пойыз
Текшенің көмегімен бұралаңы көп ирек жол салынады. «Пойыз» осы жолмен
жүріп өтуі тиіс.
Ұршық
Ұзын алаңның орта шамасында текшелерді орналастырып, екі ирек өткел жасайды. Текшелердің арасындағы қашықтық – 1 метр. Екі команда жарысады. Бұрылысы көп жолды кім бірінші жүріп өтеді екен?