Балалар залдың бір шетінде жан-жаққа шашырап тұрады. Олар – құстар. Залдың екінші жағында өрмелейтін гимнастикалық қабырға тұрады (бірнеше аралығы, пирамидалары бар), қосарлы саты тұрады. Педагог: «Құстар ұшып кетті!» деген белгі берген кезде, құстар қанаттарын қомдап ұшады (қолдарын қапталға көтеріп, залды айналып жүгіреді).
«Дауыл!» деген белгі берілген кезде – құстар гимнастикалық қабырғаға қарай жүгіреді – дауылдан ағаштардың арасына кіріп тығылады. Педагог: «Дауыл тоқтады» деген кезде, құстар қабырғадан түсіп, қайтадан ұша бастайды. Педагог қажеттілік туындаған кезде балаларға көмектесу үшін өрмелейтін құралдардың қасында тұруы тиіс. Егер гимнастикалық қабырғаның аралығы аз болса, балалар орындықтарға, тақталарға немесе басқа да өрмелеу құралдарына мінуіне болады.