Дениет негіздері


§ 17. Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы



Pdf көрінісі
бет91/94
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#81409
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94
Байланысты:
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІ

§ 17. Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы 
қалыптастыру 
Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлықтық мінез-құлықтың 
себептері. 
КСыбайлас жемқорлық – Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне 
қатысты ең басты қауіптердің бірі: экономикалық қарым-қатынастар 
аясында тіршілік ете отырып, ол уақыт өте келе оларды параға сатып 
алу мен тазалықтың болмауына негізделген қатынастарға алмастырады 
[1]. Нәтижесінде, қалыпты іскерлік әрекеттер өзгеріске ұшырап,
инвестициялар мәнін жойып, іскерлік беделдің деңгейі төмендейді.
Сыбайлас жемқорлық белең алған және атқарушы органдар мен сот 
билігі тармақтарының қызметінде қиыншылықтар бар ортада бизнес 
табысты дами алмайтындығы дәлелденген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
мемлекеттік саясатты реттілікпен жүзеге асыру сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы іс-қимыл үшін қажетті заңнамалық алғышарттарды жасауға алып 
келді. Бизнестегі парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың пайда болуын 
барынша болдырмау мақсатында Үкімет Қылмыстық кодекске сыбайлас 
жемқорлықтық әрекеттері үшін заңды тұлғаларды жауапкершілікке 
тарту қарастырылған өзгерістер енгізді. Дегенмен, сыбайлас жемқорлық 
жойылған жоқ. Оның өміршеңдігі адамдардың санасында, адамгершілік 
кемшіліктері мен нұсқандарында нығыз орныққандығымен айқындалады. 
Әлемдік экономикалық форумында жарияланған 2013 –
2014 жыл- 
дары Жаһандық бәсекеге қабілеттік туралы есеп нәтижелері көрсеткен-
дей, Қазақстанда бизнес жүргізуде ең қиындық туғызушы мәселе 
сыбайлас жемқорлық болып табылады. Компаниялар қазіргі уақытта да 
бизнес жүргізудегі пара берушілік пен төлемдерді кешіктіруді әдеттегі іс 
көреді.
ЖАҒДАЙ
Қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істейтін кәсіпкер қиын 
жағдайда қалды. Оған айтарлықтай жоғары дәрежесі бар шенеунік 
тегін тамақтануға келуді «әдетке» айналдырды. Кәсіпкер үндемей шыдап 
келгендіктен, уақыт өте келе шенеунік кешкі уақыттары өзімен бірге бір топ 
адамдарды әкеле бастады, мұны өзі «мұқтаж адамдарды тамақтандыруға 
арналған қайырымдылық» деп атайтын еді. Шамамен бір жылға (!) жуық 
уақыт өткенде кәсіпкер барлық мұқтаждарды тамақтандырып болдым 
деп ойлап, өзінің наразылығын ақырын білдіргісі келгенде шенеунік 
тарапынан ашулы жауаптар, негізсіз наразылықтар мен айыптаулар, 
бопсалау айтылды.
Сол кезде ғана кәсіпкер заңгерге жүгінуді жөн көрді. Шенеунікті өз 
орнына қойып, бопсалауын тоқтатуы үшін сауатты жазылған және 
керекті инстанцияларға жолданған бірнеше өтініш жеткілікті болды. Өз 
ісінің кәсіби маманына жүгінуге кеткен қаражаты мен осы уақыт ішінде 
кәсіпкердің шенеунікке жұмсаған шығындарын салыстырудың өзі қажет 
емес еді.
Сыбайлас жемқорлық тәжірибесі орта және ұзақ мерзімді келешекте 
бумеранг болып қайта келіп, бизнеске соққы болып тиері анық. 
Әрқашанда заңды бұзу кәсіпкерді өз көзқарасы бойынша және өзінің 
жеке мақсаттарына сай қолдануға тырысатын мемлекеттік шенеуніктерге 
тәуелді болуға әкеледі.


158
Бизнесте мәселені сыбайлас жемқорлық арқылы шешуге мүдделі 
болатын мынадай жағдайлар бар:

компанияға заңды әрекеттер заңсыз әрекеттерге қарағанда 
қымбатқа түссе
(талаптардың дұрыстығын сот арқылы шешкеннен 
пара беру арзанға түседі);

міндетті талаптарды орындау компанияның табысына немесе оның 
қызметіне қауіп төндірсе (сот шешімі бойынша өндіріс жабылса, үлкен 
сомадағы айыппұл белгіленсе және т.с.с.);

мәселені заңды жолмен шешу мүлдем мүмкін емес болған жағдайда 
(мысалы, активтерді немесе мүлікті жекеменшік иелерінен заңсыз тартып 
алу);

жауапты тұлғаның қолында сыбайлас жемқорлық рентасы үшін 
қолданылуы мүмкін аз кездесетін ресурс болғанда (мысалы, жүйелерге 
қосылу мүмкіндігі, жылжымайтын мүлікті жалға беру, әсіресе ол 
жеңілдетілген бағамен жалға беріліп жатса); 

заңсыз әрекеттер заңды әрекеттерге қарағанда анғұрлым көп табыс 
келтіретін болса (мысалы, әкімшілік ресурсты пайдалана отырып, жаңа 
нарыққа ие болу немесе оны бәсекелестер үшін жабу, мемлекеттік 
тапсырыс аясында тауар жеткізу немесе қызмет көрсету, жұмыстарды 
орындау) [2].
Оған кім бастамашы болғанына қарамастан, сыбайлас жемқорлық 
мәмілелерінің нәтижесі: іскерлік орта нашарлайды, бәсекеге қабілеттіліктің 
төмендеу қаупі пайда болады, «таза» жұмыс атқаратын кәсіпкерлер 
азаяды, қоғамда да, кәсіпкерлердің арасында да «мультипликациялық» 
әсер ету таралады.
Сондықтан бизнес-ортада сыбайлас жемқорлықтың кез келген 
көрінісінде оны белсенді қабылдамауды, адал бәсекелестік пен 
адалдық беделін басымдыққа қоюды негізге алған өркениетті іскерлік
қатынастарды дамыту өте маңызды.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлық экономикалық міндеттерді шешудің 
анағұрлым тиімді тәсілі ретінде таралуы лоббизмге теріс көлеңкесін 
«түсірді». Лоббизм батыс елдерінде кәсіпкерлердің мүдделерін алға 
тарту үшін белсенді қолданылады. Қазақстанда болса, лоббизм қандай 
жолмен болса да, заңды бұзу арқылы болса да компанияның мүдделерін 
жүзеге асыру дегенді білдіреді. Тіпті, мұндай әрекеттер компанияның 
ортақ иелерінің, әріптестерінің, сол саланың не ел экономикасының 
мүдделеріне сай келмесе де жүргізілуі мүмкін. Лоббизмді мүдделерді 
заңсыз жылжыту ретінде қабылдауды өзгерту сыбайлас жемқорлық 
көріністерге қарсы белсенді тиімді күрес жүргізіліп, жемқорлыққа қарсы 
сана мен мәдениетті қалыптастырған кезде өзгеруі мүмкін.
Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағыттары мен шаралары. 
Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл 
экономикалық қызмет барысында сыбайлас жемқорлықты қабылдамау 
және оған қарсы тұру негізіндегі құндылықтар жүйесі. Бұл іскерлік 
қарым-қатынастарға құқықтық пен құқық бұзушылық, адамгершілік пен 
адамгершіліксіздік және т.с.с. көзқарасы тұрғысынан қарау.


159
Бизнес-ортада 
сыбайлас 
жемқорлыққа 
қарсы 
мәдениетті 
қалыптастыру бизнес-ортада қаншалықты дәрежеде белең алғанын 
ескергенде, айтарлықтай қиын процесс. Компаниялардың менеджерлері 
өз құзыреттерін пайдалана отырып, «тойтарыс» береді және олар 
ресурсқа қол жеткізу үшін ақша беру және т.с.с. қажеттіліктерін 
тудырады. Дегенмен, бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлық көріністері 
жөніндегі ақпарат, мемлекеттік органдарда көрініс табатын жемқорлыққа 
қарағанда толық болмайды.
Бизнес-ортадағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері:

компаниялардың ішкі регламенттері мен рәсімдерінің анық болмауы;

әлсіз мониторинг пен бақылау;

компанияның басқару органдары қабылдайтын түпкі шешімдердің
айқындығының жеткіліксіздігі;

компания басшыларының жұмыста әдеп қағидаларын сақтамауы.
Компания басшылығы қызметкерлер арасында жемқорлыққа қарсы 
нөлдік төзімділік тәрбиелеуде үлгі болуы тиіс. Егер басшылық мәселені 
пара алу арқылы шешуді қаласа, компания қызметкерлері де мәселе 
шешудің осындай жолынан бас тартпайды. 
Шетел компанияларының тәжірибелері көрсетіп отырғандай
Қазақстанда кәсіпкерлік қызметті парасыз жүргізуге болады. Жемқорлық 
орын алған жекелеген жағдайлармен компанияның ішкі рәсімдері 
арқылы күресуге болады. 
ЖАҒДАЙ
Қазақстанда жұмыс істеп, косметикалық қызмет көрсететін корей 
фирмасы лицензиялық талаптарды бұзғаны үшін жауапкершілікке 
тартылды. Салынған айыппұл –
90 000 теңге. Шенеунік істі сотқа дейін 
жеткізбей, орнына оған ноутбук «сыйлауды» ұсынған. Фирма басшысы 
әділ тұжырым жасады, яғни, сотта талаптың негізгі бөлігімен келіспей 
және шенеунікке кейін үлгі болатындай үнемі «қалтасын толтыруға» 
жағдай жасамауға бел буды.
Сот талқылауының нәтижесінде, кәсіпкерге қойылған бес талаптың 
біреуі ғана қалдырылды. Айыппұл құны 30 000 теңгеге дейін түсірілді. 
Алайда, істі қарау барысында фирма жұмыс жүргізу бойынша бағалы 
тәжірибе алды. Енді ол ешқандай тексерушілерден қорықпайды, себебі 
жұмысын толық ретке келтіріп алды. Фирма басшысы мұндай білім мен 
тәжірибе 30 000 теңге төлеуге тұрарлықтай екенін, және істі әдеттегідей 
пара берумен аяқтаса, одан да жаман боларын мойындады.
Қиындық туғызып отырған тағы бір мәселе бұл – қызметкерлердің
компания ресурстарын жеке мүдделеріне қолдануын жемқорлық 
әрекетіне жатқызу. Бұл жағдайды қызмет бабын теріс пайдалану деп 
қарастырған дұрыс.
Осылайша, 
бизнес-ортада 
жемқорлыққа 
қарсы 
мәдениет 
қалыптастыру сана-сезімді, әділдік пен жауапкершілікті арттыру 
мақсатында кәсіпкерліктің кадрлар құрамымен жұмыс жүргізуді 
болжайды. Компания ішіндегі жемқорлық мәселелерін оның басшылығы 
немесе иелері шеше алады. Ішкі рәсімдермен шешім қабылдау тәртібін 
жетілдіру үшін, сондай-ақ жемқорлық амалдарын өрескел қылыққа 
айналдыру үшін уақыт қажет.


160
ЖАҒДАЙ
Салық инспекциясының қызметкері Алматы қаласының кәсіпкері Б-ға 
негізсіз айыппұл салды. Ол фирма бухгалтеріне белгілі ақы үшін жағдайды 
«реттеп беруді» ұсынды. Және бухгалтерге делдалдық қызметі үшін 
сыйақы уәде етілген. Бас бухгалтер кәсіпкерді салық қызметкерлерімен 
туындаған мәселеде ең дұрыс шешім ақы төлеу екеніне көндірмекші 
болып, мәселені өзі шешуге ұсыныс жасаған. Кәсіпкер ақы төлеуден бас 
тартып, негізсіз айыппұл жөнінде сотқа шағымдануды жөн көрген.
Қатарынан бес сот шағымын жеңіп шыққан кәсіпкер Б-ны салық 
инспекциясының өкілі ақыры қоя берді. Шыны керек, ол үшін біраз уақыт 
пен қаражат жұмсалды. Алайда, бизнестің тәуелсіздігі мен қауіпсіздігі, 
сонымен қатар, адамдық қадірінің сақталып қалуы жұмсалған уақыт пен 
қаражатты артығымен ақтап берді. Соңында бұл кәсіпкер бас бухгалтерін 
жұмыстан шығарып, шағын бизнес өкілдерінің құқықтарын қорғау 
жөніндегі ынталы топты басқарды.
Әлемдік тәжірибеде байқалғандай, сыбайлас жемқорлықпен тиімді 
күресіп, оны мемлекеттің моральдық-адамгершілік ұстанымдары мен 
экономикасының дамуына қатер төндірмейтіндей деңгейге жеткізуге 
болады. Сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу маңызды әрі 
болуы мүмкін іс-әрекет болып саналады.
ЖАҒДАЙ
Бал өндірумен айналысатын шағын кәсіпорыннан сәнді би сайысын 
өткізуге қаражат аударуды талап еткен. Келіссөздер нәтижесінде екі жаққа 
да жағымды мәміле табылған: кәсіпорын аз мөлшерде қаражат төлейді, 
бірақ өз атауын көрсетіп, іс-шараның ресми демеушісіне айналады, өз 
тауарын тегін жарнамалап, банкетті балмен қамтамасыз етеді.
Әртүрлі зерттеулер нәтижесінде байқалғандай, бизнес-қауымдастығы 
сыбайлас жемқорлықпен сәтті күресіп, оның алдын алу үшін негізгі екі 
шараны орындау қажет деп есептейді:
1) пара үшін қомақты (еселенген) айыппұл салу, бұл пара 
алушылардың жауапкершілігін арттырады;
2) заңнаманы оның «сыбайлас жемқорлықтан таза» екендігіне 
қоғамдық сараптама жүргізу, оны жасаудағы нақтылық.
Сондай-ақ бизнес-ортада сыбайлас жемқорлықтың алдын алатын 
шараларға мыналар жатады:
– 
заңнаманың айқындығы мен толықтығы;
– 
мемлекеттің экономикаға араласуын қысқарту;
– 
мүдделер шиеленісін жою;
– 
мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін қабылдау;
– 
мемлекеттік қызметшілердің сайланбалығы.
Әртүрлі қызмет салаларын нормативтік құқықтық реттеудегі 
кемшіліктер – сыбайлас жемқорлыққа апаратын негізгі себеп. Бұл 
Қазақстан үшін жүйелі әрі ұзақ мерзімді мәселе болып отыр. Бұл 
мәселенің шешімі тек мемлекетке ғана емес, «қоғам-билік-бизнес» 
диалогының қаншалықты нәтижелі болуына байланысты.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
сананы қалыптастыру құралы. Қазіргі заман жағдайында бизнес ортадағы 


161
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің тамыры оның әлеуметтік 
жауапты әрекетінде жатыр. 
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – бұл кәсіпкерлердің осындай 
саясат жүргізіп, осындай шешім қабылдауға және қоғам мақсаттары 
мен құндылықтары жағынан ерікті болып саналатын қызмет бағыттарын 
таңдауға ерікті түрде міндеттелуі болып табылады [3].
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің аумағы мен бағыттары 
белсенді түрде кеңеюде. Ол қайырымдылық шараларымен шектеліп 
қана қоймай, мынадай шараларды да қоса орындайды:
– 
бизнес жүргізу процесінің құқықтық нормаларға сай болуы;
– 
кәсіптік және іскерлік этика қағидаларын сақтау;
– 
экологиялық нормаларды сақтау;
– 
компания қызметкерлері алдында өз міндеттерін орындау;
– 
тұтынушылар алдында өз міндеттерін орындау және т.б
Кәсіпкерлік құрылымдары мен мемлекеттік билік өкілдері өзара 
ынтымақтастық туралы меморандум жасайды. Мысалы, «Қазақмыс»
корпорациясы мен Қарағанды облысы басшылығы арасында жасалған 
өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуді көздейтін меморандум 
негізінде корпорация ауруханалар мен спорт ғимараттарын, мәдениет 
нысандарын жөндеу мен салуға 4,2 млрд теңгені құрайтын қаражат бөлді. 
Сонымен қатар, корпорация шетелде білім алып жатқан студенттерге 
қолдау көрсетіп, өңірдегі колледж бен ЖОО студенттерін тәжірибеден 
өту базаларымен қамтамасыз етеді, өңірдің қалаларын көркейтуге 
қаражат бөліп, облыстық денсаулық сақтау мен білім беру салаларын 
қаржыландырады. 
ERG (EurasianResourcesGroup) компаниясы 11 жыл бойы көрнекті үлгі 
көрсетіп, өз кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай 
және Павлодар облыстарында маңызды әлеуметтік-экономикалық 
жобалар бойынша меморандум жасап келеді. Компания 2012–2014 
жылдар аралығында Павлодар облысының дамуына 7 млрд теңгеге жуық 
қаражат бөлді. Бұл қаражатқа Ақсуда спорт сарайы, Екібастұзда балалар 
музыка мектебі, Павлодарда спорттан дарынды балаларға арналған 
жүзу бассейні салынды. 
Қазақстанда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында 
жыл сайын «Парыз» республикалық конкурсы өткізіледі. Конкурстың 
негізгі мақсаты – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаларын 
дамыту, оны қоғамның өзекті мәселелерін шешуге белсене қатыстыру 
және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қоғамдық санада оңтайлы 
қабылдауды қалыптастыру [3].
Жеңімпаздарға үш номинация: «Жылдың ең үздік әлеуметтік жобасы», 
«Ең үздік ұжымдық келісімшарт» және «Ең үздік әлеуметтік жауапты 
кәсіпорын», үш категория: шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері
бойынша лауреат атағы беріледі.
Бизнес-ортада 
сыбайлас 
жемқорлыққа 
қарсы 
мәдениетті 
қалыптастырып, дамыту мақсатында бизнесмендерге арнап корпоративті 
әлеуметтік жауапкершілік үшін «Парыз» сыйлығы секілді марапаттаулар 
енгізу мақсатқа лайықты болып табылады. 


162
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске атсалысқандығы үшін 
ынталандыру мақсатында мемлекет қоғамға танылу деп аталатын 
оңтайлы бастаманы қолдана алады [4].
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қоғамның барлық мүшелері 
атсалысуы керек. Бизнес қауымдастықтары мен үкіметтік емес 
ұйымдарды жемқорлыққа қарсы күрес науқанына қатысуға шақырып, 
олардың бастамаларына қолдау көрсету қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   94




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет