Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы


§ 15. Бактериологиялық зертханалардың штат нормативтері



бет15/73
Дата07.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#90621
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73
Байланысты:
238 бұйрығы

§ 15. Бактериологиялық зертханалардың штат нормативтері
111. Диагностикалық-емхана зертханаларының құрамындағы бактериалогиялық зертхана қызметкерлерінің лауазымдары жұмыс көлемінен және қызмет тарификаторы бойынша орындалатын зерттеу уақытынан тыс құрастырылады. Қызметкерлердің уақыт нормативі болмағанда атқарылатын қызметтері (1-бактериолог дәрігер, 2 фельдшер, 1 санитар-өздігінен құрылғыларды дайындау үшін және 1 санитар-тазалаушы) жылына 3334 сараптамаға бір бригада есебінен құралады.
§ 16. Цитологиялық зертханалардың штат нормативтері
112. Клиникалық цитологияның диагностикалық жұмысының қатарына стационар бөлімдеріндегі, емханадағы қаралу кабинеттеріндегі, көпшілікті профилактикалық және диагностикалық қарау кезінде морфологиялық диагнозды қоюын бақылау сияқты цитологиялық зерттеулердің түрлері жатады.
113. Зерттеу жүргізуге арналған ережелер болмаған жағдайда (қызмет тарификаторы бойынша) мына ережелер құрылады:
1) профилактикалық бақылау кезінде жылына 40000 цитологиялық зерттеу жүргізетін дәрігерлердің, цитотехниктердің және санитарлардың лауазымдары 1 дәрігер, 3 цитотехник және 1 санитардың есебінен құралады;
2) диагностикалық зерттеуге нормативтер бригадаға бір жылда жүргізген 400 зерттеу есебінен құрастырылады. Олар: 1 дәрігер; дәрігер лауазымы, 1 цитотехникалық және 1 санитар лауазымы;
3) гормоналды зерттеулерге нормативтер (вагинальды мазка бойынша гормональді кәсіптің анықтамасы, жыныстық хроматинді зерттеу) 1 дәрігер, 1 цитотехниктен, 1 санитардан құралған бригаданың жылына 2500 зерттеулерінің есебінен белгіленеді;
4) егер цитолог дәрігер материалды жинақтау жұмыстарын жүргізсе, онда оның жүктемесі күніне 10 бөлімнен құралса, ставкаға жылына 2500 зерттеуді құрайды;
5) цитологиялық зертхана жүктемесі көбейгенде қызмет көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының ставкасы есебінен көбейеді;
6) цитологиялық зертханалардың штатында 6 және одан да көп дәрігерлер және цитотехник қызметкерлері болса, зертхана меңгерушісі дәрігердің жұмысын орындаудан 0,5 ставкаға босатылады, 12 және одан да көп лауазымдар дәрігерлер жұмысының тікелей техникалық орындауына толығымен босатылады;
7) цитологиялық зертхана жұмысының көлемін, сипатын, құрылымын ескере отырып, штатта 15 дәрігерден кем емес, зертханашылар, санитарлар, бар лауазымдарда босатылған аға зертханашы, медициналық тіркеуші, шаруа-бикелері болуы қажет;
8) цитологиялық зертханаларда арнайы электрондық жабдықтар (электронды есептеуіш машина, электронды жабдығы бар күрделі оптикалық аспаптар - микроскоп) олардың штат кестесіне инженер лауазымы енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет