Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы


§ 18. Физиотерапия және емдік дене тәрбиесі бөлімшелерінің штат нормативтері



бет17/73
Дата07.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#90621
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73
Байланысты:
238 бұйрығы

§ 18. Физиотерапия және емдік дене тәрбиесі бөлімшелерінің штат нормативтері
117. Физиотерапия жөніндегі мейірбикелер лауазымдары жылына 10 мың шартты физиотерапиялық бірлік есебінен 1 лауазым белгіленеді.
118. Массаж жасау жөніндегі мейірбикелер лауазымы массаж жасаудың қолданыстағы нормативтерінен физиотерапиялық бөлімшенің (бөлменің) штатында белгіленеді.
119. Емдік дене тәрбиесі жөніндегі инструкторлардың лауазымы 150 төсек есебінен 1 лауазым және қосымша 1 лауазым полиомиелитпен науқастарына әрбір 20 төсекке, әрбір ортопедиялық, травмотологиялық, неврологиялық, туберкулез бөлімшелеріне сүйек-буын туберкулез науқастарына 0,5-1 лауазым белгіленеді.
120. Физиотерапиялық бөлімшелердің (бөлмелердің) санитарлары лауазымы физиотерапия жөніндегі мейірбикелер, ЕДТ инструкторлары мен массаж жасаушылардың 2 лауазымына 1 лауазым есебінен белгіленеді және су-балшық-торф-озокерито-парафинмен емдеу кезінде, көрсетілген емшераларды жіберумен айналысатын 1 мейірбике лауазымы белгіленеді.
121. Шартты физиотерапиялық бірлік үшін оны орындауға және әзірлеуге 8 минут қажет етілетін жұмыс қабылданған.
Бір науқастың денесінің әр бөлігінде процедура жүргізу кезінде бір қатысу үшін олардың әрбірінен өз еркімен шартты бірліктерден есептелінеді, егер бұл процедуралар бір мезгілде өткізілмесе.
122. 1 массажды бірлік үшін 10 минуттық жұмыс қабылданады (әзірлеу-қорытындылау уақытын ескере отырып, құжаттамалауды енгізудің қажеттілігі және қажет етілген емделуге уақыты және қысқа мерзімді демалыс).
Науқас денесінің шектес анатомо-топографиялық бөліктерінде массаж жасау кезінде екінші және әрбір кезекті анатомо-топографиялық бөліктері осы нормативтерде қаралғанмен салыстарғанда 20% қысқарады. Дененің шектес болып табылмайтын анатомо-топографиялық бөліктерінде массаж жасау кезінде, емшаралардың әрбірі өз еркімен есепке алынады.
Бөлмеден тыс массаж емшараларын орындауға арналған уақытқа өту (бару) массажды бірліктерде іс жүзінде шығыстар бойынша есепке алынады.
§ 19. Функциялық диагностика бөлімшесінің (кабинеттің) қызмет құрамының штат нормативтері
123. Функциялық диагностика кабинеттерінің медбикелер лауазымдары функциялық диагностика кабинеті дәрігерлерінің лауазымдарына сәйкес белгіленеді бірақ, көрсетілген кабинеттің 1 лауазымнан кем болмауға тиіс.
124. Бөлімшелердегі (кабинеттің) санитарлар лауазымдары функциялық диагностика дәрігерлерінің лауазымдарына сәйкес белгіленеді бірақ, көрсетілген кабинеттің 1 лауазымынан кем болмауға тиіс.
125. Функциялық диагностика бөлімшесі (кабинеті) дәрігерлері мен медбикелерінің жұмыс жүктемесі есеп нормасы 33 шартты бірлік 6,5 сағат жұмыс күнімен (1 бірлік - 10 минут) деп есептелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет