Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы


§ 21. Денсаулық сақтау ұйымдары дәріханаларының штат нормативтері



бет19/73
Дата07.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#90621
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73
Байланысты:
238 бұйрығы

§ 21. Денсаулық сақтау ұйымдары дәріханаларының штат нормативтері
130. Денсаулық сақтау ұйымдары дәріханаларының қызметкерлер лауазымдары 100 және одан да көп төсекке белгіленеді.
131. Дәріхана меңгерушісі-провизор лауазымы әрбір аурухананың дәріханасында белгіленеді (аурухананың бөлімше меңгерушісі ретінде).
132. Дәріхана меңгерушінің орынбасары - провизор лауазымы 400 және одан да көп төсегі бар ауруханалардың дәріханаларында белгіленеді (аурухананың бөлімше меңгерушісі орынбасары ретінде).
133. Провизор - технолог лауазымына:
200 төсектік аурухана дәріханаларында -1 лауазым;
аурухана дәріханаларында 200-ден астам төсекке, қосымша әрбір 100 төсекке - 1 лауазым;
аурухана дәріханаларында 500 төсекке және одан көп, әрбір 100 төсекке - 0,5 лауазым белгіленеді.
134. Ауруханалардың дәріханаларында провизор-талдаушылардың лауазымдары:
100-ден 200 төсекке - 0,5 лауазым;
200-ден 500 төсекке - 1 лауазым;
500-ден көп болса - қосымша 0,5 лауазым әр 200 төсекке белгіленеді бірақ, 2-ден кем болмауы керек.
135. Ауруханалардың дәріханаларында фармацевт лауазымдары:
әрбір 200 төсекке 1 лауазым;
әрбір 100 төсекке қосымша 1 лауазым (ауруханаларда 200-ден 500 төсекке дейін);
әрбір 100 төсекке қосымша 0,5 лауазым белгіленеді (ауруханаларда 500 төсектен астам).
136. Ауруханалардағы дәріханаларда буып-түюші лауазымдары:
әрбір 200 төсекке 1 лауазым;
әрбір 100 төсекке қосымша 0,5 лауазым (200-ден көп).
137. Санитарлар лауазымы провизор-технологтардың және фармацевттердің жалпы штатынан 40%-нан белгіленеді бірақ 1 лауазымнан кем емес.
138. Жұмысшы лауазымы әр аурухананың дәріханасында белгіленеді.
139. Үй-жай тазалаушы лауазымы әр аурухананың дәріханасында белгіленеді.
140. Штатында провизор-технологтар және фармацевттері жоқ аурухана дәріханаларында төсек санының аздығына байланысты олардың міндетін дәріхана меңгерушісі атқарады.
141. Егер аурухана шаруашылық есепті 200 немесе одан да көп төсектік аурухана штатындағы аурухана аралық дәріханамен қызмет көрсетсе, 1 провизор-технолог немесе фармацевт лауазымы белгіленеді.
142. Жұқпалы ауруханалардың дәріханаларында санитар-жуушы лауазымы 200 төсекке 1 лауазым белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.05.01. № 10 бұйрығымен 22-параграфтың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет