§ 24. Медициналық статистика кабинеті
145. Медициналық статистик лауазымы күніне 36-50 емделіп шыққан науқасқа, стационарға 1 лауазымнан кем емес белгіленеді.
146. Дәрігер-статист лауазымы медициналық статисттің 2 лауазымына, бірақ бір лауазымнан кем емес белгіленеді.
147. Медициналық статистика бөлмесінің меңгерушісі лауазымы әр стационарда белгіленеді.
§ 25. Балаларға арналған медициналық ұйымдардың педагогикалық қызметкерлері
148. Тәрбиешілердің лауазымы 1 лауазым есебінен белгіленеді:
туберкулезге қарсы бөлімдерге, мамандандырылған санаторийлік-сауықтыру және оңалту ұйымдарында (орталықтарда) мектеп және мектеп жасына дейінгі 40 балаға;
сүйек-буын туберкулезімен ауыратын науқастарға арналған туберкулезге қарсы бөлімшелерде 25 мектеп жасына дейінгі балаға.
Мұғалімдердің лауазымдары туберкулезге қарсы ауруханалар (диспансерлер) штатында, мамандандырылған санаторийлік-сауықтыру және оңалту ұйымдарында (орталықтарда) сыныптар саны және оқу жоспарларына байланысты белгіленеді.
Сыныптарда 4-тен кем емес және 20 оқушыдан аспайтын болып қаралу керек. Іріктелген сыныптарды толықтыру үшін оқушы балаларының контингенттері жетіспесе, оқушыларға арналған топтық сабақтар ұйымдастыруға болады.
149. Мұғалімдердің лауазымдары оқу жоспары және туберкулез балалар науқастарына сыныптар санынан туберкулезге қарсы ауруханалар штатында бекітіледі, балаларға арналған сыныптардың санына, туберкулезбен ауырғандардың және оқу жоспарына байланысты болады. Сыныптарда 4 кем емес және 20 оқушыдан артық болмау қажет деп ескеріледі. Сыныптарды толықтыру үшін туберкулезге шалдыққан балалардың контингенттері жетіспесе, оқушыларға арналған топтық сабақтарды ұйымдастыруға болады.
150. Оқу бөлімінің меңгерушісі лауазымы 1 лауазым есебінен белгіленеді.
151. 200 төсектік ауруханада 1 психолог лауазымы белгіленеді.
152. Логопедтер лауазымдары логопед кабинеттерінің қолданыстағы нормативтері бойынша белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |