перинаталдық орталықтардың штат нормативтері 159. Жалпы ауруханалық персонал, клиникалық бөлімшелер, анестезиология-реанимация бөлімшелері, клиника-диагностикалық зертханаларда, сәулелі диагностика, физиотерапия және емдік дене тәрбиесі, функциялық диагностикалар, қан кабинетінің, медициналық статистика және басқа қызметтер лауазымдары тәулік бойы жұмыс істейтін стационарлардың бөлімшелердің және көп бейінді емханалардың қолданыстағы штаттық нормативтеріне сәйкес белгіленеді. 160. Барлық халықтың тұрғылықты жеріне және жұмыс орыны (оқу орнына) бойынша амбулаториялық көмек көрсету үшін акушер-гинеколог дәрігерлері лауазымдары ересектер 6000 адамға, оның құрамына 55% астам әйелдер болса, 15 жастан жоғары 3300 әйелге 1 лауазым есебінен белгіленеді. 161. Педиатр-неонатолог дәрігерлердің лауазымдары қосымша салмағы 1000 грамнан аз емес шала туылған баларға 4 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді. 162. Терапевт дәрігерлер қосымша 1 лауазым есебінен белгіленеді. 163. Фтизиатр-дәрігерлердің лауазымдары жүкті әйелдер, жас босанған әйелдерге және жаңа босанған әйелдерге, туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 164. Жүкті әйелдерге амбулаториялық көмек көрсету үшін стоматолог-дәрігері лауазымдары әйелдер консультациясына қызмет көрсету аумағында тұратын 160 мың ересекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 165. Әйелдер консультациясының меңгерушісі акушер-гинеколог дәрігерінің (бөлім меңгерушісі ретінде) лауазымы: акушер-гинеколог дәрігерлер лауазымының тиісті санына қарай олардың біреуінің орнына 3 кем емес; акушер-гинеколог дәрігерлері лауазымының тиісті санына 3-тен 6-ға дйін 0,5 меңгеруші лауазымы белгіленеді. акушер-гинеколог дәрігерлері лауазымының тиісті санына қарай 6-дан көбірек бұл лауазымдардан жоғары белгіленеді. 166. Акушердің лауазымдары: перзентхананың қабылдау бөлімшесіне - тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост; босандыру бөлімшесінде - 40 акушериялық физиологиялық және жүктілік патологиясы төсегіне тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен, бірақ тәулік бойы жұмыс істейтін 1 посттан кем емес; акушериялық физиологиялық бөлімшелерде (палаталарда) - 30 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен; жүктілік патологиясы бөлімшелерінде (палаталарда) - 20 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост және 40 төсекке 1 емшара мейірбикесі лауазымы; жүкті әйелдер (палаталарда), жас босанған әйелдер және жаңа босанған әйелдер, туберкулезбен науқастарды бөлімшелерде - осы мақсаттарға көзделген 15 акушериялық төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост; әйелдер консультацияларында акушер-гинеколог дәрігерлерінің лауазымдарына сәйкес белгіленеді. 167. Мейірбикелер лауазымдары: жаңа туғандарға акушериялық бөлімшелердегі (палаталарға) қызмет көрсету үшін аталған бөлімшелерде 15 төсекке - тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен; жаңа туған акушериялық обсервациялық бөлімге қызмет көрсету үшін, көрсетілген бөлімдерге (палата) 10 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост, «Ана мен бала» бөлімшесіндегі 15 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді; салмағы 1000 граммнан аз, шала және жаңа туғандарға қызмет ету үшін аталған балаларға 4 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен. Қажет болған жағдайда шала туған және жаңа туған балаларды күтуге жеке пост ұйымдастырылады; аналардан жаңа туғандарға, туберкулез науқастарына (перзентхана құрамда арнайы бөлім немесе палаталарда, жүктілерге арналған, жас босанған әйелдерге және жаңа босанған әйелдерге, туберкулез науқастары үшін) аталған бөлімшелерге (палата) қызмет етуге арналған 15 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен; кеуде емізу қағидаларына оқыту үшін 60 босанғаннан кейінгі төсектер бар болғанда - 1 лауазым; босанғаннан кейінгі 60-тан артық төсекке - 1 лауазым және қосымша 0,5 лауазым әр келесі 40 төсекке (60-тан жоғары); гинекологиялық бөлімшелердегі таңу жұмыстары үшін 1 лауазым перзентхана болғанда 20 төсектен кем емес хирургиялық көмекке мұқтаж гинекологиялық аурулар үшін 1 лауазым; әйелдерді емдеуге жатқызу мақсатымен түсікті жасанды әдістермен түсіру жұмыстарына арналған 25-тен кем емес гинекологиялық төсегі бар перзентхана үшін 1 лауазым. 168. Перзентханалардың операциялық мейірбике лауазымына: 60-80 төсекке - тәулік бой жұмыс істейтін 1 пост; 80-105 төсекке - тәулік бой жұмыс істейтін 2 пост; 110-130 төсекке - тәулік бой жұмыс істейтін 3 пост белгіленеді. 169. Аға акушерлер лауазымына: барлық бейіндердің акушерия бөлімшелерінде аталған бөлімшелердің меңгерушісі лауазымына сәйкес белгіленеді. босандыру бөлімшесіне - 1 лауазым; консультацияға амбулаториялық қабылдаудың акушер-гинеколог дәрігерлерді 5-тен кем болмаған жағдайда әйелдер консультациясына 1 лауазым. 170. Аға операциялық мейірбикелердің лауазымы, 3-тен кем емес операциялық мейірбике және таңушы мейірбикенің лауазымдары көзделетін жағдайда перзентхана штатында белгіленеді. 171. Стационар бөлімшенің аға мейірбикелері лауазымы гинекологиялық бөлімше және жаңа туған балалар бөлімінің меңгерушісі лауазымына сәйкес белгіленеді. 172. Перзентхананың бас акушер лауазымы мекемеде 30 және одан көп төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 173. Санитарлар лауазымдары (кіші медициналық мейірбикелер) тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен: қабылдау бөлімшесіне; босандыру бөлімшелерінің (палата), барлық бейінді акушерлік бөлімшелердің туғаннан кейінгі палаталарының (палата), жүктілік патология бөлімшесінің (палаталар) әр бір тәулік бойы жұмыс істейтін постыларына; 100 төсекке дейінгі перзентханаларда 40 жаңа туғанға (төсек); 100 және көбірек төсекті перзентханаларда 30 жаңа туғандарға (төсек); 30 төсектік гинекологиялық бөлімшеге (палата) белгіленеді. 174. Санитарлардың лауазымдары: операциялық және таңу жұмыстарына операциялық мейірбикелер және таңушы мейірбикелер лауазымдарына сәйкес, аға операциялық мейірбике лауазымын қоса алғанда; перзентханаларға келушілерге қызмет көрсету үшін 80-115 төсекке 1 лауазым;. 120-145 төсекке - 2 лауазым; 150 және одан көп төсекке - 3 лауазым; әйелдер консультациясына амбулаториялық қабылдауға дәрігерлерінің 3 лауазымына 1 лауазым есебінен. 175. Санитар-буфетші лауазымдары бөлімшеде ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді. 176. Санитар-сыпырушы лауазымдары әр акушериялық және гинекологиялық бөлімшелерге 1 лауазым, ал бөлімшелерде 40 төсектен көп болса бөлімшеге 2 лауазым белгіленеді. 177. Шаруа-бикесі лауазымдары: акушериялық, гинекологиялық және балалар бөлімдерінде 1 лауазым; әйелдер консультациясына штатында акушерлер-гинеколог дәрігерлердің саны кемінде 6 лауазымы болған жағдайда белгіленеді. 178. Педагог-психолог лауазымы перзентханадағы керуеттің қуаттылығына қарамастан белгіленеді. 179. Дәріханалар персоналының лауазымдары медициналық ұйымдар дәріханаларының штат нормативтері бойынша белгіленеді. 3-тарау. Хоспис қызметкерлерінің штат нормативтері 180. 400 мың халыққа 30 төсек есебінен хоспис ұйымдастырылады. Хоспис төсек қорының үйлесімді мөлшері 15-45 төсек. 181. Диспансердегі дәрігерлік бөлімше (палата) дәрігерінің лауазымдары 1 лауазым есебінен мына төсек санына белгіленеді: терапевт дәрігер: 1 лауазым - 15 төсекке; онколог дәрігер: 1 лауазым - 30 төсекке; психотерапевт дәрігер: 1 лауазым - ұйымдастырушылыққа. 182. Үйдегі көмекке қызмет ету үшін шығу бригадаларынан құрылған (шығу бригадалары) көшпелі бөлімшелері ұйымдастырылады. Бригадалардың саны қолданыстағы жұмыс көлемімен анықталады. Көшпелі бөлімшелер дәрігерлерінің лауазымдары бригадаға мына есеппен белгіленеді: терапевт дәрігер 1 лауазым; онколог дәрігер 1 лауазым; 183. Стационарлық бөлімше меңгерушісінің лауазымы төсек саны 30-дан астам болған жағдайда белгіленеді. 184. Көшпелі бөлімшенің меңгерушісі лауазымы бригада дәрігері 1 лауазымының орнына белгіленеді. 185. Бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі орынбасары лауазымы әрбір хосписте белгіленеді. 186. Мейірбикелердің (палаталардағы) лауазымы 5 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост және коматозды науқастар үшін 2-3 аполикалық төсекке қосымша 1 пост белгіленеді. 187. Емшара мейірбикелері лауазымдары әр бөлімшеге 1 лауазым және 2 жылжымалы бригадасына (үйдегі хосписке) 2 лауазым белгіленеді. 188. Таңушы мейірбикелердің лауазымы әр бөлімшеде белгіленеді. 189. Бөлімшенің аға мейірбике лауазымы бөлімше меңгерушісі лауазымына сәйкес белгіленеді. 190. Науқастарды қабылдау мейірбикесі лауазымы хосписке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 191. Емдәм (диета) мейірбикелерінің лауазымы әрбір хосписте 0,5 лауазым есебінен белгіленеді. 192. Медициналық статист лауазымы әрбір хосписте белгіленеді. 193. Бас дәрігердің мейірбике жұмысы жөніндегі орынбасары (бас мейірбике) лауазымы әрбір хосписте белгіленеді. 194. Шаруа-бикесі лауазымы әрбір бөлімшеде белгіленеді. 195. Санитарлар (палаталық) немесе науқастарды күтетін кіші медициналық мейірбикелер лауазымы 5 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост белгіленеді. 196. Емшара және таңушы кабинетінің санитарлары лауазымына сол кабинеттердің мейірбике лауазымдарына сәйкес белгіленеді. 197. Санитар-буфетші лауазымдары ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді. 198. Санитар-сыпырушы лауазымы бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді. 199. Санитар-ваннашы лауазымдары бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді. 200. Науқастарды алып жүруге арналған және мәйіттерді тасуға арналған санитарлар лауазымы хосписке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді. 201. Фармацевт лауазымы 50 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 202. Әлеуметтік қызметкер лауазымы хосписке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 4-тарау. Ауруханалардың мейірбикелік күту қызметкерлерінің штат нормативтері 203. Ауруханада мейірбикелік күтім 80-120 төсекке ұйымдастырылады. 204. Стационарлық бөлімшелері (палаталары) дәрігерлерінің лауазымдары мына төсек санына 1 лауазым келеді: геронтолог дәрігер: 1 лауазым - 40 төсекке; невропатолог дәрігер: 1 лауазым стационарға; психиатр дәрігер: стационарға 0,5 лауазым. 205. Бөлімше меңгерушісі лауазымы ординатор лауазымының орнына белгіленеді. 206. Бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі орынбасары лауазымы әрбір ұйымға белгіленеді. 207. Жалпы ауруханалық қызметкер, фельдшер-зертханашылар, функциялық диагностика мейірбикелері, физиотерапия және емдік дене тәрбиесі қызметкерлері лауазымдары соматикалық ауруханалардың қолданыстағы нормативтер бойынша белгіленеді. 208. Мейірбикелердің (палаталық) лауазымдары 20 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді. 209. Емшара мейірбикесі лауазымдары 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 210. Аға мейірбикелердің лауазымы әр бөлімшеге енгізіледі. 211. Медициналық статистик лауазымы әрбір ұйымда белгіленеді. 212. Бас дәрігердің мейірбике ісі жөніндегі орынбасары (бас мейірбике) лауазымы әр ұйымда белгіленеді. 213. Шаруа-бикесі лауазымы бөлімшеге белгіленеді. 214. Санитарлар (палаталық) немесе науқастарды күтетін кіші медициналық мейірбикелер лауазымы 20 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді. 215. Емшара кабинетінің санитаркалары лауазымдары сол кабинеттердің мейірбикелік лауазымдарына сәйкес белгіленеді. 216. Санитар-буфетші лауазымдары ауысымына 1 лауазым есебінен белгіленеді. 217. Санитар-ваннашы лауазымдары 80 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 218. Науқастарды тасымалдауға және алып жүруге арналған санитарлар лауазымдары 100 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 219. Фармацевт лауазымы 100 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 5-тарау. Диспансерлердің штат нормативтері