Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы


§ 12. Наркологиялық диспансерлерінің, ауруханалардың



бет31/73
Дата07.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#90621
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73
Байланысты:
238 бұйрығы

§ 12. Наркологиялық диспансерлерінің, ауруханалардың,
медициналық-әлеуметтік оңалту орталықтарының штат нормативтері
334. Наркологиялық көмектің барлық түрлерін көрсететін дәрігерлер лауазымының белгіленген уақыт нормативтері болмағанда 1 лауазым есебінен белгіленеді:
алкагольді тұтыну нәтижесінде психикалық және мінез-құлық бұзылуларынан зардап шегетін, диспансерлік есепте тұрған 1000 науқасқа, оның ішінде профилактикалық бақылаудағы тұлғаларға;
психикаға белсенді (алкогольден басқа) әсер ететін заттарды ПБЗ пайдалану салдарынан психикалық және мінез-құлық бұзылудан зардап шегетін, диспансерлік есепте тұрған 250 науқасқа, оның ішінде профилактикалық бақылаудағы тұлғаларға.
Ауылдық елді-мекендерде нарколог дәрігерлерінің лауазымы әр ауданға кемінде 1,0 есеппен белгіненеді.
335. Нарколог-дәрігерлердің лауазымы былайша белгіленеді:
есірткіге тәуелділіктің алдын алу бойынша - 1 лауазым;
психикаға белсенді әсер ететін психикалық және мінез-құлық бұзылудан зардап шегетін тұлғаларға жасырын түрде медициналық жәрдем көрсету үшін - 1 лауазым;
күндізгі стационардағы 20 төсекке 1 лауазым. Күндізгі наркологиялық стационар меңгерушісінің лауазымы әр күндізгі стационарда нарколог дәрігерінің 1 лауазымның орнына белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.05.01. № 2 бұйрығымен 335-1-тармақпен толықтырылды
335-1. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының нарколог-дәрігерлерінің лауазымдары:
Нарколог-дәрігерлердің 1 тәуліктік посты - уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының 20 төсегіне.
Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының меңгерушісі лауазымы әрбір орталыққа белгіленеді.
336. Психотерапевт дәрігер лауазымы бір диспансерге амбулаториялық қабылдау жүргізетін 8 дәрігердің лауазымына 1 лауазым есебінен белгіленеді; күндізгі стационарда 50 төсекке 1 лауазым, бірақ бір диспансерге 1 лауазымнан кем болуы тиіс.
337. Медициналық психологтың лауазымы амбулаториялық қабылдау жүргізетін 10 дәрігердің лауазымына 1 лауазым есебінен белгіленеді, күндізгі стационарда 50 төсекке 1 лауазым, бірақ бір диспансерге 1 лауазымнан кем болуы тиіс.
338. Стационардағы науқастарға қызмет көрсету үшін психотерапевт дәрігерлерінің лауазымы мынадай төсек санына 1 лауазым есебінен белгіленеді: психотерапия және оңалту бөлімшесінде 10 төсекке, әлеуметтік оңалту бөлімшесінде 50 төсекке.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.05.01. № 2 бұйрығымен 339-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
339. Стационардағы науқастарға қызмет көрсететін психологтардың лауазымы мынадай төсек санына 1 лауазым есебінен белгіленеді:
алкоголизммен және нашақорлықпен ауыратын ересек науқастарға арналған наркология бөлімшесінде 20 төсекке;
алкоголизммен және нашақорлықпен ауыратын балалар науқастарға арналған наркология бөлімшесінде 15 төсекке;
сот-наркологиялық сараптамаға арналған наркология бөлімшесінде 10 төсекке;
психотерапия және оңалту бөлімшесінде 15 төсекке;
әлеуметтік оңалту бөлімшесінде 50 төсекке.
340. Стационары бар диспансерлерде терапевт-дәрігерлері лауазымы 60 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
341. Стационары бар диспансерлерде невропатолог-дәрігерлері лауазымы 60 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
342. Стационары бар диспансерлерде стоматолог-дәрігерлері лауазымы 500 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
343. Наркологиялық сараптамаларды бақылау және ұйымдастыру жөніндегі нарколог дәрігердің бір лауазымы.
344. Алкогольмен және есірткімен мас болу сараптамасын жүргізу үшін бір нарколог дәрігерлерінің тәулік бой жұмыс істейтін пост белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.05.01. № 2 бұйрығымен 345-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
345. Сот-наркологиялық сараптама жүргізу үшін әрбір наркологиялық ұйымға сот-наркологиялық сарапшы дәрігердің екі лауазымы. Егер жылына сот-наркологиялық сараптаманың саны 1000-нан асатын болса, онда сот-наркологиялық сараптамашы дәрігердің бір лауазымы қосымша енгізіледі.
346. Сенім пунктінің (шприцтерді алмастыру пунктінің) психолог лауазымы әр пунктке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
347. Учаскелік мейірбикелердің және әлеуметтік жәрдем көрсететін жеке фельдшерлердің (мейірбикелердің) лауазымдары учаскелік психиатр-нарколог дәрігерлердің лауазымдарына сәйкес белгіленеді.
348. Наркологиялық сараптамаларды бақылау және ұйымдастыру жөніндегі фельдшер лауазымдары ұйымдастыру-әдістемелік консультация бөлімінің штатындағы психиатр-нарколог дәрігерінің лауазымына сәйкес белгіленеді.
349. Диспансер бөлімшесі мейірбикелерінің лауазымдары мынадай есеппен белгіленеді:
- ауысымына 1 емшара мейірбикесі лауазымы;
- анонимді емдеу кабинетіне 1 лауазым;
- алкогольді шектен тыс пайдаланудан және алкоголизмнен зардап шегетін тұлғаларға профилактикалық медициналық жәрдем көрсету және алкогольге қарсы насихаттауға арналған кабинетке 1 лауазым;
- күндізгі стационардағы әр 20 төсекке 1 лауазым.
- психотерапевт дәрігердің лауазымына сәйкес психотерапия кабинетіне 1 мейірбике лауазымы.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.05.01. № 2 бұйрығымен 349-1-тармақпен толықтырылды
349-1. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарының медициналық бике лауазымдары нарколог-дәрігерлер лауазымдарына сәйкес бекітіледі.
Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарының фельдшерлер лауазымдары нарколог-дәрігерлер лауазымдарына сәйкес бекітіледі.
Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарының аға медициналық бике лауазымы әр орталыққа бекітіледі.
350. Емшара мейірбикелері лауазымы әр бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
351. Еңбек терапиясы нұсқаушысының лауазымы алкогольдік психозбен ауыратын науқастар бөлімшесінен басқа әр бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
352. Стационары бар диспансерлерднің фельдшер-зертханашыларының (зертханашыларының) лауазымы алкогольмен және есірткімен мас болу сараптамасын жүргізетін нарколог дәрігерлердің лауазымына сәйкес қосымша белгіленеді.
353. Химик-зертханашының лауазымы (зертхананы жарақтандыруда сұйық немесе газ анализаторы болған кезде) бір ұйымға 1 лауазым есебінен белгіленеді.
354. Дәрігер кабинеттері санитарларының лауазымдары учаскелік психиатр-нарколог дәрігерлердің лауазымдарына сәйкес болып, алкогольмен мас болу сараптамасы кабинетіне 1 лауазым және психотерапиялық кабинетке 0,5 лауазым белгіленеді.
355. Қабылдау бөлімшесі санитарының лауазымдары 100 және одан көп төсектік диспансерлерде белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011.05.01. № 2 бұйрығымен 355-1-тармақпен толықтырылды
355-1.Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарының санитар, санитар-жуындырушы және бақылау бойынша санитар лауазымдары нарколог-дәрігерлер лауазымдарына сәйкес бекітіледі.
Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталықтарының шаруашылық-бикесі лауазымы әр орталыққа бекітіледі.
356. Педагог лауазымы диспансер бөлімшесіне 1 лауазым, 30 және одан көп төсекке медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесіне 1 лауазым белгіленеді.
357. Әлеуметтік жұмыскердің лауазымы диспансер бөлімшесін қосқанда әр наркологиялық бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
358. Сенім телефоны психологтарының лауазымдары диспансерде сенім телефоны болған жағдайда тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
359. Еңбекке оқыту жөніндегі шебердің лауазымдары медициналық-әлеуметтік оңалтудың әр стационар бөлімшесіне және 30 және одан көп төсектік күндізгі стационар бөлімшесіне 1 лауазым есебінен белгіленеді.
360. Дене шынықтыру әдіскерінің лауазымы медициналық-әлеуметтік оңалту, 50 және одан көп төсектік күндізгі стационар бөлімшесіне 1 лауазым есебінен белгіленеді.
361. Оңалту жөніндегі нұсқаушының лауазымдары медициналық-әлеуметтік оңалту және күндізгі стационар бөлімшелерінің әр 50 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
362. Анонимді емдеу кабинеті наркологиялық диспансерден тыс орналасқан жағдайда (қалалық емханалық үй-жайында және т.б) кабинет штатында 1 санитар лауазымы белгіленеді.
363. Наркологиялық диспансер қызмет көрсетпейтін қалалар мен басқа да елді мекендерде орналасқан денсаулық сақтау ұйымдарының тиісті қызметкерлер құрамы лауазымдарының санын анықтау үшін наркологиялық бөлімшелер мен кабинеттердің медициналық қызметкерлер құрамының штаттық нормативтерін қолданылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет