§ 9. Амбулаториялық сот-психиатриялық сараптау комиссиясының штат нормативтері 306. Амбулаториялық сот-психиатриялық сараптау комиссиясы төрағасының лауазымы жылына 600 сараптамадан (кәмелетке толмағандар сараптамасы үшін 450 сараптамадан) 1 лауазым есебінен белгіленеді. 307. Сот-психиатриялық сараптама дәрігерлерінің лауазымы амбулаториялық сараптама жүргізу үшін жылына 200 сараптамаға (кәмелетке толмағандардың сараптамалары үшін 150 сараптамаға) белгіленеді. 308. Сот-психиатриялық психолог-сарапшыларының лауазымы 300 амбулаториялық сот-психиатриялық сараптамаларға 1 лауазым есебінен белгіленеді, бірақ комиссияға бір лауазымнан кем белгіленбеуі тиіс. 309. Медициналық тіркеушінің машинаға басылатын жұмыстарды орындаумен жылына 200 сараптамаға 1 лауазым. 310. Санитарлардың лауазымы жылына 1000 сараптамаға 1 лауазым есебінен белгіленеді.