Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы


§ 4. Ересектерге арналған санаторийдің штат нормативтері



бет36/73
Дата07.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#90621
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73
Байланысты:
238 бұйрығы

§ 4. Ересектерге арналған санаторийдің штат нормативтері
486. Санаторийдің бас дәрігерінің медициналық бөлімі жөніндегі орынбасары лауазымына 250 және одан көп төсек саны бар санаторийлерде белгіленеді.
487. Санаторийдің бөлім меңгерушісі лауазымы әрбір 150 төсекке белгіленеді. Бөлім меңгерушісі консультация берумен қатар дәрігердің белгіленген мөлшеріне қосымша науқастың 0,5 ставкаға жүргізеді.
488. Хирургиялық бөлімше меңгерушісі лауазымы туберкулезбен ауыратын науқастарға және жарақат салдары бар науқастарға арналған 75 және одан көп хирургиялық төсегі бар санаторийлерде белгіленеді.
489. Дәрігер лауазымы 50 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. Өкпе туберкулезінің белсенді түрімен, бүйрек туберкулезімен және зәр шығару жолы ауруларымен ауыратын науқастарға арналған санаторийлерде дәрігер лауазымы 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
Науқастардың ауыр құрамы бар бөлімшелерде (миокардтың бастан өткерген инфаркті, айқындалған коронаросклероз, асқазанның ойық-жарасы және өршу сатысындағы ұлтабар ойықжарасы және т.с.с.) 30 төсекке 1 терапевт-дәрігер лауазымы есебінен белгіленеді.
490. Диетолог-дәрігер лауазымы 200 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. Диетолог-дәрігер өзінің негізгі жұмысымен қатар дәрігердің белгіленген мөлшеріне қосымша науқастың 50 % жүргізеді.
491. Хирург-дәрігер лауазымы туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған және жарақат салдары бар науқастар мен ас қорыту мүшелерінің аурулары бар науқастарға арналған 20 кем емес хирургиялық төсек саны бар санаторийлерде және 40 және аса хирургиялық төсек саны бар санаторийлерде 2 лауазым тағайындалады. Хирург-дәрігер операция жасаумен қатар 20 науқасты жүргізеді.
492. Туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған және жарақат салдары бар науқастар мен ас қорыту мүшелерінің аурулары бар науқастарға арналған 10 хирургиялық төсек саны бар санаторийлерде хирург-дәрігердің 0,5 лауазымы, ал 50 және одан көп хирургиялық төсек саны бар санаторийлерде - әрбір 25 төсек санына хирург-дәрігердің 1 лауазымы белгіленеді.
493. Қажет болған жағдайда консультация өткізу кезінде басқа мекемелерден маман-консультанттарды шақыруға рұқсат етіледі. Ақыл-кеңеске ақы төлеу санаторий сметасы бойынша еңбекақы қорында ескерілуі мүмкін.
494. Дәрігерлер кезекшілігі 150 және одан көп төсек саны бар санаторийлерде түнгі уақытта ұйықтау құқығымен оларға белгіленген жұмыс уақытының айлық мөлшері есебіне арнайы кесте бойынша штаттағы дәрігерлердің кезекшілігі жолымен ұйымдастырылады. Дәрігерлер кезекшілігі санаторий дәрігерлерінің штаттық құрамымен қамтамасыз етілуі мүмкін болмаған жағдайларда еңбекақы қорында негізгі лауазымы бойынша оларға белгіленген айлық уақыт мөлшерінен тыс санаторийдің штаттағы дәрігерлерімен орындалатын кезекшілікке ақы төлеуге арналған арнайы қаржы бөлу қарастырылған болуы тиіс: а) өкпе туберкулезінің белсенді түрімен; б) ас қорыту мүшелерінің; в) қанайналым мүшелерінің аурулары бар науқастарға арналған санаторийлерде, курорттан тыс немесе курортта бірақ басқа санаторийлерден алыстау орналасқан санаторийлерде дәрігерлер кезекшілігі ондағы төсек санына қарамастан ұйымдастырылады. Дәрігерлер кезекшілігі қарастырылмаған санаторийлерде шұғыл көмек көрсету үшін санаторий дәрігері шақырылады, нақты шығындаған уақытына ақы төленеді.
495. Туберкулезді санаторийлерде (палаталық) мейірбике лауазымдары:
50-75 төсекке 5 лауазым;
75 және одан көп төсекке 5,5 лауазым;
әрбір 25 төсекке 1 лауазым қосылады - 75-тен астам есебінен белгіленеді.
Басқа да бейінді санаторийлерде:
50-75 төсекке 4 лауазым;
75 және одан көп төсекке 4,5 лауазым;
әрбір 35 төсекке 75 аса 1 лауазым қосылады.
50-ден 75 дейін төсегі бар туберкулездік емес санаторийлерде аға мейірбике палаталарда кезекшілікті атқаруға тартылуы мүмкін.
496. Емшара кабинетінің мейірбикесі лауазымы 100 төсекке белгіленеді.
497. Суем қызмет көрсететін мейірбике лауазымы санаторийге 1 лауазым есебінен белгіленеді. Санаторийде тиісті жабдығы бар радийбелсенді ванна бөлмесіне арналған ерітінді дайындайтын зертхана бар болған жағдайда 0,5 мейірбике лауазымы қосымша белгіленеді.
498. Балшық емшарасын босататын мейірбике лауазымы 90 және аса балшық емшарасына 1 лауазым есебінен белгіленеді.
499. Өкпе туберкулезінің белсенді түрімен ауыратын науқастарға арналған санаторийлерде отоларингология кабинетінің мейірбикесі лауазымы отоларинголог-дәрігер лауазымдарына тиісінше белгіленеді.
500. Ингаляторияда қызмет көрсететін мейірбике лауазымы ингаляториясы бар санаторийлерде 0,5 лауазым есебінен 4 орынға белгіленеді.
501. Жағажайда қызмет көрсететін мейірбике лауазымы санаторийде дербес жағажайы бар болса:
75-200 төсекке 0,5 лауазым;
200 және одан көп төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
502. Аэросолярийде немесе аэротерапияға арнайы бейімделген верандаларда (қаптарда қысқы жатуға арналған) қызмет көрсететін мейірбике лауазымы санаторийде:
75-200 төсекке 0,5 лауазым;
200 және одан көп төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
503. Емдәмдік мейірбике лауазымы санаторийде:
50-150 төсекке 1 лауазым;
150-250 төсекке 1,5 лауазым.
250-450 төсекке 2 лауазым
450 және одан көп төсекке 2,5 лауазым есебінен белгіленеді.
504. Стоматолог лауазымы:
100-200 төсекке 0,5 лауазым;
200-450 төсекке 1 лауазым.
450 және одан көп төсекке 1,5 лауазым есебінен белгіленеді.
505. Жұмыс істеп тұрған қондырғыға қызмет көрсететін дезинфектор лауазымы тек қана туберкулездік санаторийлерге белгіленеді.
506. Медициналық тіркеуші лауазымы 100 және одан аса төсек саны бар санторийлерде белгіленеді.
507. Операция және байлайтын бөлме мейірбикесі лауазымдары қосымша туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған және жарақат салдары бар науқастар мен асқазан-ішек аурулары бар науқастарға арналған 20 кем емес хирургиялық төсек саны бар санаторийлерде белгіленеді.
508. 2 және одан көп жекеленген корпустары бар санаторийлерде белгіленген палаталық мейірбике саны 25 кем емес төсек саны бар әр корпусқа 1 мейірбике лауазымы болып көбейеді, бірақ санаторийге 3 лауазымнан аспайтын мөлшерде.
509. Ересектер мен жасөспірімдерге арналған туберкулез санаторий штатында еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы лауазымы:
75-100 төсек санына 1 лауазым;
әрбір келесі 100 төсек санына 1 лауазым есебінен тағайындалады.
510. (палаталық) санитар лауазымы:
туберкулезді санаторийде 50-75 төсек санына 9 лауазым белгіленеді. Әрбір 75-тен асатын 8 төсек санына 1 лауазым қосылады.
Басқа да санаторийлерде 50-75 төсек санына 6 лауазым белгіленеді. Әрбір 75 асатын 13 төсек санына 1 лауазым қосылады.
2 және одан да көп бір-бірінен жекеленген корпусы бар санаторийлерде белгіленген санитар саны кемінде 25 төсек саны бар әр корпусқа 2 лауазымға көбейеді.
511. Туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған және жарақат салдары бар науқастар мен асқазан-ішек аурулары бар науқастарға арналған 20 кем емес төсек саны бар хирургиялық палатасы бар санаторийлерде қосымша санитар (палаталық) және науқастарды тасымалдайтын және сүйемелдейтін санитар лауазымы белгіленеді.
512. Отоларингология бөлімі бар өкпе-туберкулез санаторийлерінде қосымша санитар (палаталық) лауазымы белгіленеді.
513. Қабылдау бөлмесінің қызмет көрсетуі үшін 100 және одан аса төсек санына арналған санаторийлерде қосымша 1 санитар лауазымы белгіленеді.
514. Душ бөлмесі кафедрасымен және басқа да душқа арналған қондырғысы бар суемханасы бар санаторийлерде санитар-душер лауазымы белгіленеді.
515. Санаторий жанындағы емдік ванналарды босатуға арналған бөлімшелерде:
әрбір 4 ваннаға 1 санитар-ваннашы лауазым;
әрбір 8 ваннаға 1 санитар-сыпырушы лауазымы белгіленеді.
516. Санаторий жанындағы балшықпен емдеу бөлімшелерінде:
әрбір 3 балшық кушеткасына ембалшық аппликациясын жіберу жөніндегі 1 санитар-балшықшы лауазымы;
әрбір 4 балшық кушеткасына балшықты әкелу, жылыту және брезенттерді апару үшін 1 санитар-балшықшы лауазымы;
гинекологиямен ауыратын науқастарға қызмет көрсету үшін әрбір 2 креслоға 1 санитар лауазымы;
10 балшық кушеткасына 1 санитар-сыпырушы лауазымы белгіленеді.
517. Санаторий жанындағы жағажай санитары лауазымы әрбір 50 ағаш тапшанға 1 лауазым есебінен белгіленеді.
518. Аэросолярийде немесе аэротерапияға арнайы бейімделген верандаларда (о.і. қаптарда ауада жатуға арналған) қызмет көрсететін санитар лауазымы ең кемінде 25 ағаш тапшан бар болғанда белгіленеді.
519. Ең жақын теміржол станциясынан немесе кемежайдан 10 км-ге және одан аса орналасқан және тоқтайтын жері бар санаторийге келетін және кететін науқастар үшін ең кемінде 6 төсек саны бар санаторийге 2 санитар лауазымы белгіленеді.
520. Сүйек-туберкулез санаторийінде науқастарды тасымалдау және алып бару жөніндегі санитар лауазымы әрбір 20 науқасқа 1 лауазым есебінен белгіленеді.
521. 400 және одан аса төсегі, 2 және одан аса ұйықтайтын корпусы бар санаторийлерде 2 шаруа-бикесі лауазымы белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет