Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 010 жылғы сәуірдегі №238 бұйрығы


§ 13. Мамандандырылған емдеу-профилактикалық ұйымдардың (МЕПМ)



бет32/73
Дата07.02.2022
өлшемі2,74 Mb.
#90621
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73
Байланысты:
238 бұйрығы

§ 13. Мамандандырылған емдеу-профилактикалық ұйымдардың (МЕПМ),
бөлімшелердің (қызметкерлер) құрамының штат нормативтері
364. Психиатр-нарколог дәрігерлердің лауазымдары наркологиялық бөлімшелердегі мынадай төсек санына 1 лауазым есебінен белгіленеді:
созылмалы алкоголизммен зардап шеккендерге - 40;
нашақорлықпен зардап шегетіндерге - 20.
365. Фтизиатр-дәрігерлердің лауазымдары 400 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
366. Терапевт-дәрігерлерінің лауазымдары 100 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
367. Терапевт-дәрігерлердің лауазымдары ауыр қосымша патологиясы бар наркологиялық бөлімшелердегі 25 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
368. Акушер-гинеколог дәрігерлердің лауазымдары әйелдерді емделуге жатқызу үшін пайдаланылатын 500 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді
369. Невропатолог-дәрігерлердің лауазымдары 100 төсекке 1 лауазым есебінен, бірақ кемінде 0,5 лауазым белгіленеді.
370. Психотерапевт-дәрігерлердің лауазымдары 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
371. Нарколог-дәрігерлердің (еңбек және әлеуметтік оңалту бойынша) лауазымдары 250 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
372. Офтальмолог-дәрігерлердің лауазымдары 500 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
373. Хирург-дәрігерлердің лауазымдары 500 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
374. Отоларинголог-дәрігерлердің лауазымдары 500 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
375. Психологтардың лауазымдары 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
376. Дерматолог-дәрігерлерінің лауазымдары 500 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
377. МЕАМ бас дәрігерінің медициналық бөлім жөніндегі орынбасарының лауазымы МЕАМ белгіленеді, бас дәрігердің лауазымын қосқанда штат нормативтері бойынша 30 дәрігерлер лауазымынан кем емес лауазымдар болуы тиіс. МЕАМ штат нормативтері бойынша кемінде 60 дәрігер лауазымы болуы тиіс, бас дәрігердің медициналық бөлім жөніндегі екінші орынбасары белгілеуі мүмкін.
378. Бас дәрігердің әлеуметтік оңалту жұмысы жөніндегі орынбасарының лауазымы әр дербес арнайы МЕАМ белгіленеді.
379. Мейірбикелердің (палаталық) лауазымы 30 наркологиялық төсекке 1 тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді.
380. Емшара мейірбикелерінің лауазымдары 50 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
381. Қабылдау бөлімшесі мейірбикелерінің лауазымдары былай белгіленеді:
150-ден 350 төсекке дейін - 1 лауазым;
300-ден 500 төсекке дейін - 1, 5 лауазым;
500-ден көп төсекке - 2 лауазым және әр келесі 250 төсекке қосымша 1 лауазымнан (500-ден артық).
382. Еңбек терапиясы нұсқаушысының лауазымдары 30 наркологиялық төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
383. Жұмыс істейтін залалсыздандыру қондырғысы бойынша дезинфекторлар лауазымдары 500 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
384. МЕАМ бас мейірбикесінің лауазымы әр мекемеде белгіленеді.
385. Әлеуметтік жәрдем көрсететін мейірбикелерінің лауазымы 250 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
386. Науқастарды күтіп-бағатын санитарлардың (палаталық) немесе мейірбикелердің лауазымдары 50 төсекке тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост белгіленеді.
387. Стоматологиялық кабинет санитарларының лауазымдары стоматолог-дәрігердің лауазымына сәйкес белгіленеді, бірақ 1 лауазымнан кем болмауы керек.
388. Қабылдау бөлімшесі санитарларының лауазымы былай белгіленеді:
МЕАМ-де 150-300 төсекке - 1 лауазым;
МЕАМ-де 250-ден астам 500-ге дейін - 2 лауазым;
МЕАМ-де 500 және одан көп - тәулік бойы істейтін бір пост.
389. Педагог лауазымы 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
390. Әлеуметтік қызметкер лауазымы 40 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.
6-тарау. Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту ұйымдарының штат нормативтері
391. Медициналық қызметкерлер лауазымдары стационарлық және амбулаториялық-емханалық жәрдем бойынша белгіленген уақыт нормативтеріне сәйкес жұмыс көлеміне байланысты белгіленеді.
392. Медициналық статистик лауазымы ұйымға 1 бірлік белгіленеді.
393. Бөлімшелердегі аға мейірбикелер лауазымдар бөлімше меңгерушілерінің лауазымына сәйкес белгіленеді.
394. Әрбір аға мейірбике лауазымы 0,5 мейірбике (палаталық) лауазымының орнына белгіленеді.
395. Бас мейірбике лауазымы әрбір санаторийге белгіленеді.
396. Шаруа-бикесі лауазымы әрбір санаторийге белгіленеді. 200 және одан көп төсектік санаторийлерде 1 бірлік және әрбір келесі 100 (200-ден астам) төсекке қосымша 0,5 бірлік белгіленеді.
397. Буфетші-санитарлардың лауазымдары 50 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет