§ 10. Стационарлық сот-психиатриялық сараптау комиссиясының штат нормативтері 311. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы 0,5 дәрігер лауазымы орнына 25 төсекке белгіленеді. 312. Сот-психиатриялық сарапшы дәрігерлердің лауазымдары 10 төсекке (кәмелетке толмағандар сараптамасы үшін 8 төсекке) 1 лауазым есебінен белгіленеді. 313. Сот психолог-сарапшылардың лауазымдары 15 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 314. Мейірбикелердің (палаталық) лауазымдары 15 төсекке 1 тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді. 315. Ем-шара кабинеті мейірбикесінің лауазымы әр бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді. 316. Санитарлардың (палаталық) лауазымы 10 - 13 төсекке 1 тәулік бойы жұмыс істейтін 1 пост есебінен белгіленеді. 317. Науқастарды қарайтын санитарлардың лауазымы 20 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 318. Буфетші санитарлардың лауазымы 25 төсекке 1 лауазым есебінен белгіленеді. 319. Ваннашы санитарлардың лауазымы: бөлімшелерде 25 төсекке дйін 1 лауазым; 25 төсектен көп болған жағдайда 2 лауазым есебінен белгіленеді.