§ 5. Дәріхана персоналы
522. Дәріхана меңгерушісі-провизор лауазымы 150 және одан аса төсек саны бар ең жақын дәріханадан 3 км және одан аса алыстағы жеке орналасқан санаторийлерде (курорттан тыс), 150-ге жуық төсегі бар санаторийлерде дәріхана меңгерушісі лауазымының орнына - провизор-технолог немесе фармацевт лауазымы белгіленеді.
450 және одан көп төсегі бар, курорттан тыс орналасқан, ең жақын дәріханадан 3 км және одан астам алыстатылған санаторийлерде қосымша провизор-технолог немесе фармацевт лауазымы белгіленеді.
523. Дәріхана санитары лауазымы жұмыс істейтін санитарлар нормативінің шегінде енгізілуі мүмкін.
7-тарау. Балалар үйінің қызметкерлер құрамының штат нормативтері
524. Педиатр-дәрігерлерінің лауазымы Балалар үйіндегі (жалпы типті) 40 балаға 1 лауазым және 20 балаға педиатр-дәрігерлерінің 1 лауазымы маманданған Балалар үйіне белгіленеді.
525. Отолариноглог-дәрігерінің лауазымы мамандырылған Балалар үйіндегі есту және тіл қабілеті бұзылған 45-100 балаға 0,5 лауазымы белгіленеді.
526. Невропатолог дәрігерлерінің лауазымы мамандандырылған Балалар үйіне Балалар үйіндегі органикалық зақымданған орталық жүйке жүйесі церебральды сал ауруымен ауыратын психикалары бұзылған балалар үшін 30-70 балаға 0,5 лауазымы, 70-тен астам балаға 1 лауазым белгіленеді.
527. Балалар үйіндегі (жалпы типті) мейірбикелердің лауазымы 40 балаға 1 лауазымы және мамандандырылған Балалар үйіндегі 20 төсекке 1 тәулік бойғы күзет есебінен белгіленеді.
75 және одан да көп орны балалар үйлерінде жұмыс көлеміне қарамай, соның ішінде 6 және одан көп төсектік изоляторда немесе карантиндегі балаларға қызмет көрсету бойынша бір тәулік бойы қолданыстағы медициналық бике лауазымдарының қажетті қосымша саны белгіленеді.
528. Физиотерапия бойынша мейірбикелердің лауазымы қолданыстағы штат нормативтері бойынша ауруханалардың физиотерапия бөлімшелеріне белгіленеді.
529. Балалар үйіндегі массаж жасайтын мейірбикелердің және қажетті жәрдем қозғалыс функция аппаратының зақымдалуы бойынша емдік дене шынықтыру әдіскерінің лауазымы органикалық зақымданған орталық жүйкелік церебральды сал ауруымен ауыратын психикалары бұзылғанмаған балалар үшін қолданыстағы штат нормативтері бойынша ауруханалардың физиотерапия бөлімшелеріне белгіленеді.
530. Емдік тамақтандыру мейірбикелердің лауазымы ұйымға 1,0 лауазым есебінен белгіленеді.
531. Патронаж мейірбикесінің лауазымы ұйымға 1,0 лауазым есебінен белгіленеді.
532. Бас мейірбикесінің лауазымы ұйымға 1,0 лауазым есебінен белгіленеді.
533. Тәрбиешінің лауазымы 15 жасқа дейінгі 10 балаға және органикалық орталық жүйке жүйесі зақымданған церебральды сал ауруымен ауыратын психикалары бұзылған балалар үшін немесе психикалары бұзылмаған балаларға, 1,5 жастан 2 жасқа дейін, 13 балаға, 1,8 жастан 2 жасқа дейін 15 балаға 1 тәулік бойы жұмыс істейтін пост есебінен белгіленеді.
534. Бас тәрбиешінің лауазымы белгіленеді:
30-50 балаға 0,5 лауазым, 51 және одан да көп балаға 1 лауазым.
535. Орталық жүйкелері органикалық зақымдалған, оқытуға және тәрбиелеуге келмейтін балалар үшін балалар үйлерінде, тәрбиеші лауазымдарын мейірбике лауазымдарына ауыстыруға болады.
536. Сурдологопед лауазымдары есту қабілетінің бұзылуымен (саңырауларға, құлақтарының мүкісі барларға, керең-мылқауларға, керең болып қалғандарға) 1,5 жастан бастап 8 балаға 1 лауазым есебінен белгіленеді.
537. Логопедтердің лауазымы(жалпы типті) балалар үйлеріндегі 1,5 жастағы 15 балаға, орталық жүйкелері органикалық зақымдалған, жақ сүйек-бет маңайы патологиясынан, дизартриядан, алалиядан, тұтығудан зардап шегетін 8 балаға 1 лауазым есебінен белгіленеді.
538. Психолог лауазымы мамандандырылған балалар үйіндегі 70 балаға 0,5 ставка есебінен белгіленеді, 70 баладан көп болса 1 лауазым есебінен белгіленеді.
539. Музыкалық қызметкер лауазымы ұйымға 1,0 лауазымы белгіленеді.
540. Күтуші-санитар лауазымы 6-дан 22 сағатқа дейінгі жұмыс мерзіміне көрсетілген уақытта (жұмыс күннің созылу өзгешелігін есепке алумен) топтармен жұмыс жасау үшін қарастырылған тәрбиеші лауазымының санына сәйкес белгіленеді.
541. Психиканың бұзылуымен немесе бұзылуынсыз жүретін орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуы бар Балалар үйіндегі 10 балаға шаққанда 1 тәулік бойы жұмыс істейтін пост есебінен күтуші-санитар лауазымы белгіленеді.
Балалар үйлеріндегі изолятордағы орташа білімді медицина қызметкерлерінің көмегімен күтілмейтін 6 және одан да көп орындағы балаларды күтуге қажетті қосымша күтушілердің лауазымы белгіленеді.
542. Аспазшы лауазымы белгіленеді: 80 төсекке дейін Балалар үйіне 2 бірлік; 80-100 төсектен астам Балалар үйіне 2,5 бірлік; әрбір 50 (100-ден тыс) төсекке қосымша 2,5 бірлік.
2-бөлім. Жедел медициналық көмек станциялары мен
Достарыңызбен бөлісу: |