штат нормативтері
§ 1. Донорлармен толықтыру бөлімшесі
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 547-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
547. Бөлімше меңгерушісінің лауазымы әр ҚО-да белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 548-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
548. Терапевтердің, трансфузиологтардың лауазымдары ҚО санатына қарамастан күніне 30 донор қабылдауға 1 лауазым есебінен белгіленеді.
549. Ұйымдардағы, кәсіпорындардағы, оқу орындарындағы халықпен ағарту-үгіт жұмысы жөніндегі дәрігер (терапевт, трансфузиолог) лауазымы бір бөлімшеге 1 лауазым есебінен белгіленеді.
550. Бөлімшенің аға мейірбикесі лауазымы бөлімше меңгерушісінің лауазымына сәйкес белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 551-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
551. Халықты үгіттеуге және донорлыққа жоспарлы даярлауға арналған донорлықты ұйымдастыру жөніндегі маман лауазымы 1-2-санаттағы ҚО 2 лауазым есебінен белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 552-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
552. Мейірбикелер лауазымдары барлық ҚО-да 1-санаттағы ҚО үшін 3,5 лауазым, 2-4-санаттағы ҚО үшін 2 лауазым есебінен белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 553-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
553. Медициналық тіркеуші лауазымдары 1-санаттағы ҚО үшін 3,5 лауазым, 2-санаттағы ҚО - 3 лауазым, 3-4-санаттағы ҚО - 2,5 есебінен белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 554-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
554. Санитар лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО - 2 лауазым, 3-4-санаттағы ҚО - 1,5 лауазым есебінен белгіленеді.
ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.27.01. № 55 бұйрығымен 555-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
555. Санитар-буфетші лауазымдары 1-2-санаттағы ҚО-да 2 лауазым және 3-4-санаттағы ҚО-да 1 лауазым есебінен белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |