3. Денсаулық ресурстары – бұл
Дербес денсаулықты бағалау үшін бірқатар шартты көрсеткіштер -денсаулық ресурстары, денсаулық мүмкіндігі және денсаулық балансы сияқты терминдер қолданылады.
• Денсаулық ресурстары–организмнің моральдықфункционалдық және психологиялық мүмкіндіктерін,денсаулық балансын оң жаққа өзгерте алатын мүмкіндігі.Денсаулық ресурстарын жоғарылату салауатты өмір салтының барлық шаралары арқылы қамтамасыз етіледі.
• Денсаулық мүмкіндігі – бұл сыртқы факторлар әрекетіне жеке адамның осыған ұқсас реакциясы жасау қабілеттерінің жиынтығы. Реакциялардың ұқсастығы компенсаторлық –бейімдегіш жүйелердің жағдайы және психикалық өзін-өзі реттеу тетігі арқылы анықталады.
• Денсаулық балансы – денсаулықтың мүмкіндігі мен оған әсер ететін факторлар арасындағы тепе-теңдіктің көрініс тапқан жағдайы.
4. Жеке денсаулық дегеніміз не?
ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҚ - бұл адам өзін-өзі адам ретінде сезінуі, талпынысы, өзін көрсетуі, жетістігі, негізгі құндылықтары. Біреулер жұмысынан, біреулер - өнерден, үшіншілері - отбасынан, төртіншілер - жеке басынан жетістік іздейді. Өзін-өзі таныту неғұрлым қоғамға қарсы келмесе, соғұрлым ол адамның өзіне пайдалы, осыдан барып нақты адамның жеке денсаулығы сипатталады.
5. Қоғамдық денсаулық дегеніміз не?
ӘЛЕУМЕТТІК ДЕНСАУЛЫҚ - бұл ең алдымен өзін қоғамның бір бөлшегі ретінде сезіну, қоғамда және қоғам өмірінде өз жетістіктерін сезіну. Мұнда өндірістік қатынас пен профессионалды сапаның орны айқын. Маңызды және материалды жағы - қандай адам болса да, қажеттіліктермен қамтамасыз етілуі (яғни, оның жұмыс істеуі, шеберлігі мен тәртібі).
6. Денсаулықты зерттеу деңгейлері
Денсаулықтың 4 деңгейін ажыратады: - - - жеке денсаулық – жеке адамның денсаулығы;
топтық денсаулық – қандай да бір белгі бойынша біріктірілген адамдардың денсаулық сиппаттамасының жиынтығы: жанұя, еңбек ұжымдары, студенттер және тағы басқалар;
аймақтық денсаулық – белгілі бір территорияда өмір сүретін адамдар денсаулығы сипаттамасының жиынтығы қоғамдық денсаулық - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін медициналық-әлеуметтік ресурс және қоғамдық потенциал.
Достарыңызбен бөлісу: |