«Денсаулықты нығайту негіздері» пәні бойынша «ҚДС» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары 2021-2022 оқу жылы


Қоғамдық денсаулық сақтуға миграцияның әсері



бет12/22
Дата14.12.2022
өлшемі7,82 Mb.
#162782
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
Байланысты:
ДНН СЕССИЯ (копия)

28. Қоғамдық денсаулық сақтуға миграцияның әсері
Халықаралық көші-қонның негізгі экономикалық себебі - еңбекақы деңгейіндегі айырмашылық, дүниенің әр түкпірінде бірдей жұмысқа төлемақының әртүрлі болуы. Қандай да бір аймақтағы белгілі бір сала бойынша мамандардың жетіспеуі осы мамандық үшін төленетін жалақының жоғарылауына, сәйкесінші мигранттардың ағылуына мүмкіндік береді.
Экономикалық мигранттар құлдыраудан қарқында дамып жатқан аудандарға қарай ағылады. Жұмыс күшінің сыртқы миграциясы үшін жоғары білікті мамандардың салыстырмалы түрде артуы тән. Көші қонның бұл формасы 1930 жылдарда Нацистік Германиядан кеткен ғалымдар ішінен таңдау мүмкіндігі туған кезден басталды. Қазіргі кезеңде жоғары білікті мамандар миграциясы Шығыс Еуропа елдерінен АҚШ-қа, Канадаға, Батыс Еуропаның кей елдеріне бағытталған. Экономикалық босқындар арасында өз елінде жұмысы бағаланбайтын ой еңбегі адамдарының үлесі жоғары. Олардың жаппай көшіп-қонуы, "ақылдың ағылуы" атауына ие болды.
Соңғы жылдары саяси босқындардың мәселесі жаһандық сипат алып отыр. Көші-қонның саяси түрткілеріне өзгеше ойлайтындарды қудалау немесе саяси босқындар ағынын тудыратын соғыс жатады.
Көші қонның діни себептері де жаппай сипат алады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бұрынғы Британдық Үндістанды бөлісу кезінде миллиондаған мұсылмандар исламдық Пәкістанға, индуизмді қолдайтындар Үндістанға көшті.
Экологиялық босқындар аумақ тіршілігіне қауіпті табиғи және техногендік апат нәтижесінде ластанған жерлерден көшті.
БҰҰ экономикалық және әлеуметтік мәселелері департаментінің 2013 жылдың 11 қыркүйегінде жарияланған баяндамасы бойынша, дүниежүзі мигранттары 232 млн адамды немесе әлем халқының 3,2%-ын құрады. Әлемдегі ең ірі миграциялық дәліз көшіп-қонушылар Мексика - АҚШ 13 млн адамға жеткен (2013 ж., қаңтар - тамыз), Ресей-Украина 3,5 млн адамға, Украина-Ресей 2,9 млн адамға, Қазақстан-Ресей 2,5 млн-ға жетті. Егер бұл көрсеткіш осы қарқынмен жалғаса берсе, онда 2050 жылы мигранттар саны 405 млн-ға жетеді.
29. Тұрғындардың табиғи қозғалысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет