Деп Серік Әкірамұлы жырлағандай, Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік. Тәуелсіздік



Дата24.01.2022
өлшемі22,04 Kb.
#129718
Байланысты:
эссе (2)


Тәуелсіздік жолында
Сан ғасыр аңсаған бабамыз,

Азаттық күні үшін күрескен.

Тариx боп тіл қатар даламыз,- деп Серік Әкірамұлы жырлағандай, Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі – Тәуелсіздік.

  Тәуелсіздік – еліміздің ең басты мерекесі. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Сонау Тәуелсіздікті алған Қазақстан мен қазіргі Қазақстанды салыстырсақ, арасы жер мен көктей. Тәуелсіздігімізді алып, өз алдымызға еркін мемлекет болғаннан барынша барлық салалардан гүлденудеміз. Өркениет пен технологиялық дамыған заманына тәуелсіздігіміз тұспа-тұс келіп, қарыштап дамуда. Жеке мемлекет болғаннан кейін қоғамымыздағы әр азаматтың жеке тұлға ретінде өз құқықтары мен міндеттері де бар. Еркін, бейбіт мемлекетімізде әр тұлғаның жаны қалаған дүниеге жеке таңдауы бар. Міне, қазіргі ұрпаққа осындай баға жетпес мұраны қалдырған батыр ата-бабаларымызға мың тағзым. Себебі, осылай ешкімге тәуелсіз болмай, бейбітшіл қоғамда тұрып жатқанымызда сол кісілердің арқасы деп білемін.

   Ата-бабалар сан-ғасырлар бойы ел үшін, жер үшін күресіп,намысты қолдан бермей, соңғы демі қалғанша күресті. Өз халқына деген адалдығы мен махаббатының арқасында мына біздер осы күнге жетіп отырмыз.

   Қазақ халқы өз балаларын жастайынан өз еліне деген сүйіспеншілік пен бауырмашылдыққа баулыған. Мысалы, Желтоқсан оқиғасы кезеңінде небәрі 16 жасар Ләззат Асанова халық қаһарманы атанды. Ұлт зиялылары халықтың мүддесін қорғау үшін, бабалардан қалған салт-дәстүрлерді ұмыттыруға жол бермей, бар күштерін салды.Олар қиын-қыстау кезеңде барынша халықты рухани тұрғыдан жігерлендірді.

Тәуелсіздік бізге оңай жолмен келмеді. Сол себепті барлығы үшін «Тәуелсіздік баға жетпес байлық». Еркіндіктің әр сәті барша ұрпақ үшін аманат. Әр сәтімізді бағалап, қастерлеп, қадірлеп, мақтан тұту біздің міндетіміз. Ол үшін бірінші кезекте бірде-бір жау ала алмайтын тұтас мемлекет болуымыз қажет. «Мақтанам тәуелсіз еліммен,
Күн кешем ертеңге сеніммен»-деп, алдына қойған мақсаттары мен жоспары айқын біздей жас мемлекеттің алдағы уақытта жетер белестері көп екендігін.нық сеніммен айтамын!









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет