Дербес білім беру ұйымы информатика оқу жоспары 2021-2022 оқу жылы 8-сынып


Break, continue, else циклдарын басқару



бет27/41
Дата17.12.2023
өлшемі0,93 Mb.
#197429
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41
Байланысты:
Оқу жоспары Информатика 8 сынып

Break, continue, else циклдарын басқару







8.3.3.3 цикл басқару нұсқаулығын қолдану (continue, break, else)

(Ұ) Шексіз циклы бар есепті ұсыныңыз:
while True:
…..
Проблемалық сұрақ қойыңыз: «Бұл циклдан қалай шығуға болады?».


(Т, Қ) Топтағы оқушылардан сұрақтың жауабын талқылауды және әр түрлі шешімдер ұсынуды сұраңыз.


(М, Ұ) Циклды үзу және жалғастыру үшін break және continue командаларының қалай қолданылатынын қарастырыңыз. Оқушыларға бұл командалар шартты операторға әсер етпейтінін және тек циклдың итерация орындалса ғана әсер ететінін ескертіңіз.


(Т, Қ) Оқушыларды break және continue командаларын қолдануға болатын есептердің мысалдарын келтіруге шақырыңыз және де «Деректерді шығару үшін break командасын қашан қолдану пайдалы?» деген сұрақты қарастырыңыз. Сұрақтың жауабын сыныптағы барлық оқушылармен талдаңыз.


(Т, Қ) Оқушылардан жұптар арасында келесі мысалды қарастыруды сұраңыз:
count = 1
while count < 10:
if count % 5 == 0:
continue
print(count)
count += 1
Программаның нәтижесін жұп арасында бір-біріне түсіндіруді сұраңыз.


(Ө, Қ) Оқушыларға break және continue командаларын қолдануға болатын есептер жиынтығын ұсыныңыз. Оқушылар енгізу және шыгару деректерін, цикл параметрін, параметрдің өзгеруін және циклде қайталанатын командаларды, циклдің аяқталу шарттарын немесе келесі итерацияға өтуін анықтау керек.
(Ұ, К) FOR… ELSE… циклінің жалпы құрылымын көрсетіңіз. ELSE командасын циклдан кейін қашан қолдануға болатынын қарастырыңыз. Оқушыларды мұндай құрылымды қайда қолдануға болатынын мысалдармен зерттеуге шақырыңыз.


(Т, Қ) Топ ішінде ELSE командасы қандай жағдайда орындалмайтынын анықтауды немесе «ELSE командасынан кейінгі іс-әрекеттердің орындалуын қалай тоқтатуға болады?» деген сұраққа жауап беруін сұраңыз.


(Ө, Қ) Оқушыларға циклден кейін else командасын қолдануға болатын бірнеше есептер шығаруды ұсыныңыз. Оқушылар енгізу және шығару деректерін, цикл параметрін, параметрдің өзгеруін және циклде қайталанатын командаларды, цикл аяқталатын немесе else – қа өтетін шарттарды анықтауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет