Дербес білім беру ұйымы информатика оқу жоспары 2021-2022 оқу жылы 8-сынып



бет29/41
Дата17.12.2023
өлшемі0,93 Mb.
#197429
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41
Байланысты:
Оқу жоспары Информатика 8 сынып

Алгоритмнің трассировкасы







8.3.2.1 алгоритмнің трассировкасын жүзеге асыру

(Т, Қ) Оқушыларға циклдық алгоритмдері бар блок-схемаларды беріп, есептеулердің нәтижесін анықтауды сұраңыз.


(Ұ) Тапсырманың қалай орындалғанын, нәтижені алу үшін қандай әдістер қолданылғанын сыныппен талқылаңыз.


(Ұ) Оқушыларға трассировка кестесі қалай толтырылатынын көрсетіңіз. Келесі сұрақтарға жауап беруді сұраңыз:

  • Трассировка кестесі дегеніміз не?

  • Трассировка кестесінде қолданылатын деректерді қалай анықтайсыз?

  • Трассировка кестесін қолданудың қандай пайдасы бар?

  • Бағдарлама жұмысының мынындай сәтінде мына айнымалының мәні неде?

  • Мына жерде if немесе else орындалды?

  • Мына жерде цикл денесі орындала ма, егер орындалса,онда неше рет?



(Ұ, К) Бағдарламалау ортасында іздеу қалай орындалатынын, кодтың әр жолы орындалғаннан кейін нәтижелердің қалай өзгеретінін көрсетіңіз.


(Ұ, К) Оқушыларға кез келген өлшемдегі трассировка кестелерін құруға және нәтижені мұғалімге pdf файл ретінде жіберуге мүмкіндік беретін онлайн -ресурстарды көрсетіңіз.
(Ө, Қ) Оқушыларға дөңгелек құрылымы бар ұсынылған схемалар мен бағдарлама коды бойынша трассировка кестелерін толтыруды тапсырыңыз. Өзара тексеруді ұйымдастырыңыз.


(Ұ, Қ) Оқушылармен бірге әр түрлі қателерден тұратын есептердің нұсқаларын қарастырыңыз, оқушылармен бірге бағдарламада қандай қателіктер бар екенін және олардың айырмашылығын қайталаңыз. Қатенің әр түріне мысал сұраңыз.


(Т, Қ) Әр түрлі қателері бар бағдарлама кодтарын ұсыныңыз. Оқушылардан бағдарламаларды талдап, бағдарламада қандай қате бар екенін анықтауды сұраңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет