Дербес білім беру ұйымы информатика оқу жоспары 2021-2022 оқу жылы 8-сынып



бет31/41
Дата17.12.2023
өлшемі0,93 Mb.
#197429
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41
Байланысты:
Оқу жоспары Информатика 8 сынып

Информатика. Орта мектеп. 8 сынып
4 тоқсан

Бөлім: Практикалық программалау


Алдын ала менгеруге ұсынылған білім

Оқушылар алгоритмдерді блок -схема түрінде көрсете алады. Оқушылар деректер типін анықтай алады, шартты оператор, алғы шартты цикл, параметрлі цикл алгоритмдерін іске асыру үшін Python операторларын қолдана алады және трассировка кестесін толтыруды біледі.

Мәнмәтін

Бұл бөлім оқушылардың шағын жобаларын іске асыру үшін пайдаланылады. Ол жобаларда әзірлеу кезінде алынған білім арқылы жаңа алгоритмдер синтезделеді. Оқушылар бағдарламалық қамтамасыз етудің барлық кезеңдерінен өтеді, яғни, талдау, жобалау, іске асыру, тестілеу және бағалау. Бұл бөлім жоғары деңгейдегі дағдыларды дамытуға бағытталған.

Осы бөлімде қарастырылатын тілдік оқыту мақсаттары
Төменде оқушыларға бағытталған академиялық тілге сәйкес тілдік міндеттер мысалы келтірілген.

Пән бойынша оқу мақсаттары

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәндік лексика және терминалогия

Диалог құруға/жазуға қажетті сөздер

Оқушылар:

  • Python программалау тілінде тапсырма модельдерін жасайды

  • алгоритмнің трассировкасын жүзеге асырады

Оқушылар:

  • мәселені шешуге бағытталған проблемаларды сипаттады;

  • жобаның мақсаты мен міндеттерін тұжырымдайды;

  • бір есепті шешуге арналған алгоритмдердің әр түрлі нұсқаларын талқылайды;

  • блок -схемадағы командалар тізбегі мен бағдарлама кодын түсіндіре алады;

  • жобадағы циклдың қолданылуын түсіндіре алады;

  • жобаны жетілдірудің бірнеше нұсқаларын ұсынады.

  • талдау;

  • деректер жинау;

  • жобалау;

  • модель;

  • блок -схема;

  • іске асыру;

  • параметрлі цикл;

  • алғы шартты цикл;

  • бастапқы код;

  • тестілеу;

  • трассировка;

  • трассировка кестесі;

  • жобаны бағалау.

  • Мәселені шешу үшін маған ... қажет

  • Модельді жасау үшін біз ... қолданамыз.

  • Мәселені шешуде модельді визуалды түрде көрсету үшін ...

  • Менің шешімімнің баламасы ... болуы мүмкін.

  • Алгоритмнің трассировкасын жасау үшін алдымен ..., содан кейін ... қажет.

  • Тестілеу үшін ... қолдану қажет, себебі …

  • Бағдарламаға ... функциясын қосу арқылы, ... мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады.

Басқа тілдік мақсаттарды құру үшін және басқа тілдік оқыту мен үйретуге жататын тілді оқыту мақсаттары бойынша қосымша нұсқаулықтар үшін «Тілдік мақсат туралы» бөлімді қараңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет