Бөлім бойынша оқу мақсаты Оқытудың тілдік мақсаты Бөлім бойынша лексика мен терминология Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Оқушылар:
–
алгебралық бөлшектерді таниды;
–
алгебралық бөлшектердің мүмкін
мәндерін табады;
–
алгебралық бөлшектерді
қысқартады;
–
алгебралық бөлшектерге амалдар
қолданады;
–
алгебралық бөлшектермен берілген
өрнектерді ықшамдайды.
Оқушылар:
–
әртүрлі өрнектерден алгебралық
бөлшекті дәйекті түрде таңдап
жазады;
–
алгебралық бөлшектің мүмкін
мәндер жиынын табуды түсіндіреді;
–
бөлшекті қысқартудың мағынасын
түсінеді;
–
алгебралық бөлшектерге қолданатын
амалдардың тәртібін түсіндіреді;
–
алгебралық бөлшектерге қолданатын
әрбір амалды түсіндіреді.
–
алымы, бөлімі;
–
айнымалының мүмкін мәндері;
–
өрнектердегі айнымалылардың
мүмкін мәндер жиыны;
–
рационал өрнек;
–
бүтін өрнек;
–
бөлшек өрнек;
–
алгебралық бөлшек;
–
бөлшектерді қысқарту;
–
бөлшектің негізгі қасиеті;
–
толықтауыш көбейткіш;
–
қысқартылмайтын бөлшек;
–
бөлшектерді көбейту (бөлу);
–
бөлшекті дәрежеге шығару;
–
сатылы бөлшек.
–
… бөлшектің мағынасы болмайды;
–
... сонда, тек сонда ғана бөлшек нөлге тең
болады ;
–
өрнектің мүмкін мәндер жиынын табу үшін
… ;
–
бөлшекті ортақ бөлімге келтіру үшін …
керек;
–
… үшін бөлшектің алымы мен бөлімін
көбейткіштерге жіктейміз;
–
бөлшектердің ортақ бөлімін табу үшін …
керек;
–
әрбір бөлшектің толықтауыш көбейткішін
табу үшін … ;
–
алымындағы қосылғыштардың
таңбаларынын (бөлшектің алдындағы
таңбасын) өзгерту үшін ... ;
–
өрнектердің мәні ондағы айнымалылардың
мәндеріне тәуелсіз екенін көрсету үшін … ;
–
- бөлшекті оған теңбе-тең бөлшекпен
алмастыру деп ... түсінеміз.