Деректер қорының даму тарихы және
негізгі моделдері.
Бірінші электронды есептеуіш машиналар біздің елімізде ХХ ғасырдың 50 жылдарының басында пайда болды. Бұған қоса адамзат қызметінің жаңа саласы - ЭЕМ-ге бағдарлама жасау қарқынды дами түсті. Айта кету керек, өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде де тіл құралы мен әдістерінің жетілмегендігіне қарамастан, ЭЕМ-ге бағдарлама жасау, оқушылардың оны қабылдауына және түсіну мүмкіншілігіне шек қоятын қандай да бір принциптік қиыншылықтарды тудырмайды. Бұған қарапайым түсініктеме бар: ЭЕМ-ге қиын емес оқу бағдарламаларын құрастыру жеткiншек жастағы оқушының шамасы келетiн, қарапайым және жалпы маңызды ұғымдардың шектелген ауқымына сүйенеді. Алғашқы ЭЕМ-дердің ғылыми-зерттеу мекемелерінде және жоғарғы оқу орныдарының iрi орталықтарында пайда болуынан кейін, бұған, яғни ЭЕМ-ге кіру және машина уақытына иелік ету мамандардың ынта-ықпалымен және олардың оқушылармен ізденушілік жұмыстарына деген қызығушылықтарына сәйкес келіп жатты, осыдан кейін ЭЕМ-де бағдарлама жасауды оқып үйренетін оқушылар топтары пайда бола бастады.
Қазіргі кезде осы сияқты практика ең алғаш рет қай жерде іске асырылғандығын анықтау қиын. Мысалы, бізге белгілі 50 жылдардың соңына қарай тәжірибе КСРО ғылыми акдемиясының болашақ академигі және мектеп информатикасының алғашқы нұсқасын жасауды ұйымдастырушы, Ресейлiк математиктер мен программистердің ең әйгілі өкілі А.П. Ершовтың (1931-1988) қатысумен және де басшылығымен Академқалашыққа тиесілі Новосибирскінің бірқатар мектептерінiң есептеуіш техника базасында даму алды. Қысқа мерзім ішінде осындай бағыттағы жұмыстарға еліміздің ғылыми-зерттеу институттарынан және университеттерінен ондаған, жүздеген жаңашыл-оқымысты ғалымдар қосылды. Бұл алғашқы қадамдар оқушыларға жүйелі бағдарламалау оқу курсының жасалуына тікелей қатысы болмады, бірақта оқушыларды бағдарламалауға оқыту идеясының орындалатынын дәлелдеді.
Мәлiметтер қоры – бұл өзара байланысқан мәлiметтердiң интеграцияланған жиынтығы болып табылады. Әдетте мәлiметтер қоры бiр нақты пән саласы үшiн, қолданбалы есептердi ұйымдастыру үшiн құрылады. Мәлiметтер қорымен жұмыс iстеу үшiн мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) пайдаланылады. Бұл мәлiметтердi енгiзудi, iздеудi, сақтауды, түзетудi қамтамасыз ететiн және есеп берудi және мәлiметтер қорын
пайдаланушылардың сұранысына жауап берудi ұйымдастыратын
|
арнайы
|
бағдарламалар
|
жабдығы
|
болып
|
табылады. Сонымен
|
қатар
|
МҚБЖ
|
мәлiметтердi
|
қорғау мен
|
олардың
|
“жылжуын”, басқа
|
бағдарламалық
|
құралдар арқылы пайдаланылуын қамтамасыз етедi. Қазiргi уақытта көптеген экономикалық және ақпараттық-анықтамалық бағдарламалық кешендер
Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
22
қандай-да бiр МҚБЖ негiзiнде жүзеге асырылып отырғандығы баршаға белгiлi болып отыр.
Бүгiнгi таңда информатика пәнiнен оқу процесiнде орта бiлiм беретiн мектептерде мейлiше танымал бағдарламалық өнiм - MS Access мәлiметтер қорын басқару жүйесi оқытылып келедi. Ол өз жүйесiне мәлiметтер қорының реляциялық графикалық мұқабалы түрiн қамтиды. Мұндай қорлардағы мәлiметтер бiртектi жазбалардан тұратын бiр немесе бiрнеше кестелер түрiнде берiледi. Қызмет көрсету жүйесi ЭЕМ-ге мәлiметтердi енгiзу, мәлiметтердi қандай-да бiр белгiсi бойынша сұрыптау, мәлiметтер құрылымын түрлендiру, мәлiметтердi шығару және т.б. сияқты жұмыстарды қамтамасыз етедi.
Мәліметер қорын басқару жүйесіндегі барынша айқын көріністер арасынан Lotus Approach, Microsoft Access, Borland dBase, Borland Paradox, Microsoft Visual FoxPro, Microsoft Visual Basic, сонымен қатар, «клиент-сервер» технологиясы бойынша құрастырылған Microsoft SQL Server және Oracle мәліметер қорын атауға болады.
Жалпы алғанда, кез-келген бүгінгі күнгі МҚБЖ, көптеген мәліметтерді түрлі форматта көрсетудің дәлме-дәл баламасы үшін қолданылуға арналған экспорт пен импортты жүргізіп отыратын сандаған конвертерлердің арқасында жүзеге асатын басқа бір компания шығарған баламасының болуы заңды.
Кез-келген ақпараттық жүйенің мақсаты — нақтылы әлемнің нысандары туралы мәліметтерді жасау болып табылады. Кең мағынада алғанда, мәліметтер қоры сөздері дегеніміз — бұл қандай да бір пәндік салаға қатысты нақтылы әлемнің нысандардың бірлігі болып шығады.
Пәндік саланың астарында басқруды ұйымдастыруға арналған нақтылы әлемнің бір бөлігі туралы түсінік жатыр, осының нәтижесінде, мысалы, кәсіпорынды, жоғарғы оқу орнын және тағы сол сияқтыларды автоматтандыру жүзеге асырылады. .
Мәліметтер қорын жасай отырып, пайдаланушы ақпараттарды түрліше белгілері бойынша тәртіпке келтіруге және белгілердің ерікті түрдегі бірлігіне негіздеуге жылдам түрде ұмтылады. Мұны мәлімтеттер структураланған болса ғана іске асыруға болады.
Структуралау — бұл мәліметтерді таныстыру тәсілдеріне келісім жасау деген сөз. Структураланбаған деп, мысалы, мәтін файлында жазып алынған мәліметтерді атайды.
Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
23
Достарыңызбен бөлісу: |